03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Әкім блогшылармен кездеседі

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 5 ақпанда қаладағы мейманханалардың бірінде блогшылармен кездеседі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  image35430

Қала басшысымен кездесуге қанша блогшы қатысатыны әзірге беймәлім. Twitter-дегі хабарламаларға қарағанда, Әлішер Елікбаев, Қайрат Нұрмұхамбетов, Самсон Безмятежный, Яков Федоров және тағы да басқалар шақырылған.
Ә.Елікбаев Facebook-тегі парақшасында Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарласып, қала басшысымен кездесуге шақырғанын айтқан. Блогшы А.Есімовтың интернет-аудиториямен байланыс орнату қадамын бағалағанымен кездесуге бармайтынын айтты. 
Блогшылар Twitter мен Facebook-те «қазнетшілерге» қала әкіміне қойғысы келетін сауалдарын жолдауды ұсынған. Блогшылардың бірі бұл кездесуге ресейлік блогшы Илья Варламовтың «Живой журнал» бетінде Алматы туралы жазбасы себеп болуы мүмкіндігін айтып отыр. 

BNews.kz

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР