24-04-2024
27.3 C
Шымкент

Шымкентте мешіт тонаған ұры ұсталды

Шымкентте мешітке келген адамдарды тонаған 18 жастағы азамат ұсталды, — деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметінен. 
Бірнеше адам полиция қызметкерлеріне мешітте болған уақыттарында ақшаларының, қалта телефондарының жоғалғаны туралы шағымданған. Зардап шеккендердің бірі 300 мың теңгесін және қымбат тұратын қалта телефонын жоғалтқан. Тергеу барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Ол Шымкент қаласының 1996 жылы туылған тұрғыны болып шықты. Оның әзірге 6 ұрлыққа қатысы бар екені расталды. Қаскүнем мешітке кіріп, келушілердің кіреберіске шешіп кеткен сырт киімдерінің қалталарын үптеп кеткен. Полиция күдіктінің қылмысты мешітте ғана емес, автобус аялдамаларында да жасағанын, сондай-ақ оның пәтерлерге де түскенін айтады. Тергеу деректері бойынша, ол қаңтардың аяғында «Қайтпас-1» шағын ауданындағы жекеменшік үйге түсіп, 100 мыңнан артық сомаға фотоаппарат пен ақшаны иеленген. Қылмыскердің келтірген жалпы шығын мөлшері жарты миллион теңгеден асып түседі. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бұл азаматтың басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Қазақпарат

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР