06-04-2022
16.3 C
Шымкент

Смартфон ұйқысыздықты шақырады

Смартфондар ұйқысыздықты шақыратын басты себепкер болып саналады. Көптеген адамдар ұйқыға жатар алдында поштаны тексеріп, смс хабарламаларға жауап беруді әдетке айналдырған.
Салдарынан, гаджетті өзінің жанында ұстайтын пайдаланушылар ұйқысыздыққа тап болып, үрей сезімімен жатады, деп хабарлайды Вести.ру.  smartfon-2014

 «Адам түн ортасында оянып, өз телефонын тексеріп, одан көргенге байланысты алаңдай бастайды. Ал оның денесі сол кезде қатайып қалады», — деді Сан-Францискодағы Калифорния университетінің жанындағы Ұйқының бұзылуу орталығының директоры Дэвид Клэман.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, жатын бөлмеде ұялы телефонның болуы ұйқысыздыққа байланысты шағымдардың көп түсуіне алып келген.  

Мобильді гаджеттерді көбіне ұйқының бұзылуына себепкер деп айыптайды. Дәрігерлер экраннан шығатын жарық мидың ұйқыға бейімделуіне кедергі келтіріп, келесі күні адамның өзін жайсызсезінуіне алып келеді. Құрылғылар дисплейі ағзада ұйқыны шақыратын гармон мелатониннің бөлінуіне кедергі келтіреді. Осылайша, адамның «ішкі сағатының» бұзылуына алып келеді.

2013 жылы сауалнамаға қатысқан американдықтардың 95 пайызы ұйқыға жатар алдында бір сағат бұрын электронды құрылғыны пайдаланғанын, ал 2/3 бір апта бойы ұйқыларының қанбағанын мойындаған.

Қазақпарат

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР