07-04-2022
15.3 C
Шымкент

Шымкент вокзалында жарылғыш зат бар деп хабарлаған азамат ұсталды

Өзбекстандық азамат Шымкенттегі вокзалда жарылғыш зат бар деп хабарлаған. zhd_vokzal
Шымкенттегі вокзалда жарылғыш зат бар деп хабарлаған Өзбекстанның азаматы болып шықты, деп хабарлады облыстық прокуратурадан.  Осыдан бір апта бұрын темір жол вокзалы ғимаратына жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған телефон лаңкесі — Өзбекстан азаматы тұтқындалды. Ол ҚР ҚК 242-бабы бойынша айыпты деп танылды. Бұл әрекеті үшін оған 6 жыл бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Тергеу деректері бойынша ол 33 жаста. Өзбекстан азаматы уақытша Шымкентте тұрып жатқан. Сол күні ол араққа сылқия тойып алып, «әзілдегісі» келген. Еске сала кетейік, жасырын шалынған қоңырау салдарынан, вокзал ғимаратынан 300 адамды сыртқа шығаруға тура келді, пойыз қозғалысы тоқтатылды. Қаланың арнайы қызметі ештеңе таппады. Енді «әзілдеген» азамат төлейтін материалдық шығынның мөлшері анықталып жатыр.
Дерек көзі: Қазақпарат

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР