17-04-2024
22.3 C
Шымкент

Шымкентте әкімдер бағаны тұрақтандыруға кірісіп кетті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде валюталық нарықта қалыптасқан жағдайға байланысты ең қажетті деген тауарларға баға тұрақтылығын сақтау жөнінде үш бірдей штаб құрылып отыр. Кеше кешкісін осы штабтардың шұғыл мәжілісі өтті. 1507905_268263403332371_1892304970_n
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов төрағалық ететін жанар-жағар май бағасын тұрақтандыру жөніндегі штаб мәжілісінде жанар-жағармайдың бағасын негізісіз өсірген АЖБ басшыларына шара көрілетіндігі, тіпті мұндай бекеттердің лицензияны кері қайтарылатындығы қатаң ескертілді. Берік Серікұлы мәжіліске қатысқан кәсіпкерлерге жанар-жағармай бекеттерінің қоймаларында бүгінгі күні сақтаулы тұрған мұнай өнімдері бұрынғы бағамен сатып алынғандықтан, олар Үкімет қаулысымен бекітілген бағада сатылуы керектігін қадап айтты. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы таяу күндері барлық бекеттердің қоймаларында қанша мұнай өнімдері бар екендігін анықтап, ол қанша күнге жететіндігін нақталайтын болады. Ал облыс әкімдігі монополияға қарсы департаментімен бірге бекеттердегі жанар-жағармайдың бағасына күнделікті бақылау жасап, негізсіз баға көтерілген фактілер бойынша шара көрмек.
Облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр төрағалық ететін тағы бір штаб — дәрі-дәрмек бағасын өз бақылауына алмақ. Штабтың алғашқы отырысына ірі фармацевтикалық компаниялар мен дистрибьюторлардың өкілдері қатысып, күнделікті өмірге қажетті дәрі-дәрмектің бағасын қымбаттатпау жөнінде ортақ шешім қабылдамақ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық бақылау департаменті бүгінгі таңда фармацевтика саласында жұмыс жүргізетін кәсіпкерлермен жасалатын меморандумның жобасын әзірлеуде. Бұл меморандумда отандық өндірушілердің, әсіресе «Химфарм» АҚ-ның дәрі-дәрмектеріне бағаны тұрақты ұстап отыру міндеттеліп отыр.
Облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев төрағалық ететін штаб отырысында азық-түлік тауарларының бағасын қымбаттатпау мәселесі сөз болды. Базар басшылары, кәсіпкерлер қатысқан бұл жиында Сапарбек Құрақбайұлы «Оңтүстік» ӘКК жанынан тұрақтандыру қоры құрылғандығын айта отырып, бүгінгі таңда қор есебінен бір килограммы 50 теңгеден болатын жалпы 3 мың тонна ұн бөлініп отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар бұл қор ауылшаруашылық өнімдерін де төмен бағада сатуға дайын екендігін атап өтті. Ол үшін кәсіпкерлер меморандумға қол қойып, бағаны тұрақтандыруға өз үлестерін қосуы керек. Әлеуметтік дүкендерде нан бағасы 35 теңгеден аспайды деген облыс әкімінің орынбасары отандық тауарларға бағаны негізсіз көтерген базар басшыларына қатаң шара көрілетіндігін ескертті.
Жалпы, шұғыл түрде өткен бұл мәжілістерде қалыптасқан жағдайда елдің қамын емес, бас пайдасын ойлайтындарға жергілікті атқарушы органдар тұсау салуға қауқарлы екендігі ескертілді.

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР