21-09-2021
26.3 C
Шымкент

Ұшақ апатына байланысты сот ісі басталды

2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент түбінде АН-72 әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 27 адам қаза тапқан болатын. Осы ұшақ апатына байланысты, 2014 жылдың 4 наурызында Шымкент қаласының Абай аудандық сотында «Казаэронавигация» РМК Шымкент филиалының диспетчері Қ.А.-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-бабы 3-бөлігі бойынша қаралып жатқан  қылмыстық  іс материалдары 42 бумадан  тұрады, оған 27 жәбірленуші мен 8 куә қатыстырылады. Сотталушыға ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

 Оңтүстік Қазақстан облыстық

сотының баспасөз орталығы 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР