04-09-2021
17.3 C
Шымкент

Шымкентте жаңа демалыс аймағы ашылды

Шымкент қаласындағы Бадам өзенінің жағалауында жаңа демалыс аймағы ашылып, ел игілігіне берілді. Бекітілген жоба бойынша өзеннің үш шақырымы абаттандырылды. Нысан құрылысы облыс бюджетінен қаржыландырылып, жоспарланған жұмыс толығымен атқарылды. Өткен жылдың мамыр айында басталған көріктендіру, абаттандыру жұмыстарының бірінші кезеңі Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аяқталып, мерекеге орай салтанатты жағдайда ашылды. 

Меркелік шараға облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысып, жиналған жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, арнайы көшет отырғызды.
Бадам өзенінің жаңарған жағалауы бүгінде қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналды. Түрлі көшеттер отырғызылып, аймақ жарықтандырылды. Өзен жағалауы шегенделіп, автомобиль көпірі абаттандырылды, көпірдің төрт бұрышына «Тайқазан» сәулеттік-декоративтік элементі орнатылды.
Алдағы уақытта абаттандыру жұмыстары жалғасып, жағалау тағы да көріктендіріледі. Өзен бойында ескекті спорт түрлерін дамыту қолға алынып, спорт кешендері салынады.
Шымкент қаласының Бас жоспарынан айрықша орын алатын нысанда жоспарланған жұмыстар толығымен аяқталған уақытта бұл өзеннің жағалауы халықтың сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз.

Дерек көзі: ОҚО Баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР