18-04-2024
16.3 C
Шымкент

Отандық медициналық құрал-жабдықтар Шымкентте шығарылады

Отандық өнімге қолдау. Еліміздің дәрігерлері Оңтүстікте шығатын дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың өндірілу барысымен танысты. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі бастап келген топ «ҚазМедПрибор» серіктестігіне бас сұғып, отандық өнімнің шекара асып келетін құрылғылардан кем емесіне көз жеткізді. otandik

Шымкенттегі «ҚазМедПрибор» мекемесінде медициналық құрал-жабдықтың 400-ден аса түрі шығарылады. Сондай-ақ, жедел-жәрдемкөлігін бастан-аяқ жабдықтап, қажетті құралдармен қамтамасыз етеді. Мекемеде электрокардиографтар, медициналық мониторлар сынды тауар түрлері де жасалады. Былтыр үш жүзге жуық жедел-жәрдем көлігі жабдықталып, «Салауатты Қазақстан» бағдарламасы аясында еліміздің емдеу орындарына жөнелтіліпті.

Кәсіпорынның өндіріс алаңын, дайын өнімдерін аралап шыққан әр өңірдің бас дәрігерлері соңғы үлгіде жабдықталған ота үстеліне қызығушылық танытты. Отандық өнімнің сапасын жоғары бағалап, бағасы да арзан деп түйді. Еліміздегі ауруханалар мен зертханалардан көптеп тапсырыстар түседі деген сенімдерін де білдірді. Айта өтейік, былтыр Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы 28 жедел-жәрдем көлігін сатып алыпты. Айтпақшы, «ҚазМедПрибор» мекемесінің басшылары өздерінің тұрақты тұтынушысына айналған Астана мен Алматы қаласындағы денсаулық сақтау басқармасына бір-бір жедел-жәрдем көлігін сыйлады. Өйткені, отандық өніммен жабдықталған жедел-жәрдем көлігіне бірінші болып тапсырыс берген — сол өңірлер екен.

Ақпарат көзі: otyrar.kz

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР