20-04-2024
16.3 C
Шымкент

Оңтүстікте атқарылған жұмыстар оң бағаланды

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау» тақырыбында облыстық әкімдікте өткен отырыстан кейін «Оңтүстік» индустриалды аумағында» орналасқан «Spirit Kazakhstan» ЖШС-ның арақ-шарапқа қақпақтар өндіретін кәсіпорнында, майлайтын материалдар шығаратын «HILL Corporation» ЖШС-ның зауытында болып, индустриалды аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты. senatt

Сондай-ақ, жоғары сапалы пластмасса құбырларын шығаратын «Компания ЮгПласт» ЖШС мен «Фирма Дана» ЖШС-ның әйнек өндіретін зауыттарында болды. Түрлі мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде жұмыстарын жүйелеген кәсіпкерлер жасалып жатқан шараларға алғыстарын білдірді. Бұқаралық ақпарат құралдарымен тілдескен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Дерек көзі: Облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР