9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай Шымкент қаласында «Мәңгілік даңқ» шеруі ұйымдастырылды. Қажымұқан атындағы орталық стадион маңынан бастау алған шеру «Даңқ» мемориалында өз жалғасын тапты. Аталған шараға облыс басшылығы қатысты. Облыс әкімі А.Мырзахметов өз сөзінде: «Отан үшін отқа түсіп, өмірін қиып, баршамызға бейбітшілік сыйлаған майдангерлердің ерлігі, өмір жолдары өскелең ұрпаққа қашанда ұлағатты өнеге болары ақиқат», − деді.
Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардарды еске алу митингісімен кейін жиналған жұртшылық «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, 140 мыңнан астам оңтүстікқазақстандықтардың есімдері жазылған «Даңқ» мемориалын аралады. Ардагерлер оқушылар қойған концерттік бағдарламаны тамашалап, әскери-далалық асханада дайындалған астан дәм татты. Театрландырылған қойылымдарды көріп, әскери әуендерге биледі.

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі