17-04-2024
20.3 C
Шымкент

Жойқын желден 13 нысан зардап шеккен

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков 12-13 мамыр аралығында жылдамдығы секундына 25-30 метр болған желдің салдарынын орын алған зардаптарды жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.  каныбеков
С.Әсембекұлы өз сөзінде тоқтаусыз соққан желдің салдарынан облыста 13 нысанның (8 білім беру, 1 денсаулық сақтау, 1 көпқабатты үй, 3 көпшілік мәдени орын) зақымданғанын жеткізіп, бүгінге дейін 5 нысанның қалпына келтірілгенін хабарлады. Облыс аумағында қалпына келтіру жұмыстарына 616 адам мен 64 техниканың жұмылдырылғанын, соның ішінде Шымкент қаласында 310 адам мен 54 техника жұмыс жасап жатқанын айтты. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары электр қуаты мен газбен қамту саласында орын алған олқылықтардың жойылғанын жеткізді.
Жел тоқтағаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарының бір апта ішінде аяқталатыны, шығын көлемінің есептеліп жатқаны да брифинг барысында айтылды.

Дерек көзі: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі (фото)

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР