01-09-2021
23.3 C
Шымкент

Қашықтықтан оқыту ұйымдастырылуда

Шымкентте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының Қорының қолдауымен, «Даму» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Интернет арқылы өз бизнесін дамыту үшін мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған ара қашықтық оқытуды ұйымдастыру» пилоттық жобасының тұсаукесері өтті. Шара барысында арбаға таңылған жастар үшін жобаның мүмкіндіктері атап көрсетілді.  

«Даму» жастар қоғамдық бірлестігі бұл салада өзіндік тәжірибе жинақтаған. 2011 жылы 14 пен 24 жас аралығындағы арбаға таңылған мүгедек балаларды қашықтықтан оқытатын «Мариям – үміт жарқылы» пилотты жобасын жүзеге асыруға «Бота» Қоғамдық қорының 3 611 800 теңге көлеміндегі грантын ұтып алған болатын. Бұл жоба аясында мүмкіндігі шектеулі 20 бала «Skype» онлайн жүйесі арқылы ағылшын тілі, комьютерлік сауаттылық, кәсіпкерлік негіздері сабақтары бойынша жоғары дәрежелі, білімді ұстаздардан сабақ алды, сондай-ақ, жоба барысында балалармен білікті психолог жұмыс жасады.

Жобадағы жетістіктер: Жоба арқасында 6 оқушы үйде отырып жұмыс істеуді бастады, 2 оқушы жеке кәсіпкерлігін ашты, тағы 4 оқушы өз күштерімен Қазақстан Республикасындағы ЖОО білім грантын жеңіп алды, дерлік барлық оқушылар әлеуметтік желілерде жеке аккаунттарын ашты жәнесол арқылы көптеген достарды тапты,бейне-роликтерді, прзентацияларды жасауды үйренді, өз бизнес жобаларын жазып та, қорғап та шықты, 4 үздіктер: Керімбеков Ғалымға, Колохов Адамға, Гимадиев Русланға, Акмалов Мақсатқа 4 нетбук сыйға тартылды.

2013 ж. – Жобаның жетістіктеріне, ұйым қызметін 30 ноутбук және ұстаздардың айлық жалақысына және жобаға Тараз, Қызылорда қалаларының қосылуына, сонымен қатар, оқушы санының 50 балаға артуына байланысты  «Бота» Қағамдық қоры 7 250 000 теңге қаражат берді. Нәтижесінде  26 оқушы жұмысқа орналастырылды.

Жобаны жүзеге асыру барлық оқушылар үйінен шықпай өз электронды дүкендерін ашуға, өз сайттарымен жеке жұмыс жасауға, өз тауарлары мен бизнесін Интернет арқылы дамытуға және сол арқылы пайда түсіруге, сол арқылы өз экономикалық жағдайын жақсартуға көп мүмкіндік береді

Жобаның мақсаты: SKYPE бейне конференция жүйесін қолдана отырып, 18 және 29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастар (арбадағы мүгедектер) (30 адам) жас кәсіпкерлер Интернет арқылы өз бизнесін дамыту АКТ және бизнес негіздерін оқыту.

2013 жылы «Даму» ЖҚБ ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Шымкент қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан ұйымдастырылған Республикалық «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» байқауына қатысып, «Үздік әлеуметтік жоба» дипломын жеңіп алды, сонымен бірге, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Дүйсенова Тамара Қасымқызы «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» арнайы медалінің иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР