20-04-2024
24.3 C
Шымкент

Шымқалада 5 жұлдызды қонақ үй салынуда

 Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 5 жұлдызды «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйін салу жоспарлануда, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  888

Жалпы ауданы 34 мың шаршы метрлік 12 қабатты қонақүйде 176 жайлы нөмір бар. Мұнда көлемі 450 шаршы метрлік еліміздегі ең үлкен президенттік нөмір орналасады.

«Құрылыстың негізгі ерекшелігі қоршаған ортаға ықпалды азайтады, энергетика ресурстарын төмендетуді көздейтін «жасыл құрылыс» технологиясы талаптары ескерілді», − делінген баспасөз хабарламасында.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев бұл жоба халықаралық стандарттар деңгейінде отандық индустрияны дамытуға, туристік өнімдерді әлемдік нарыққа шығаруға, шетелдік валюталар ағынын ұлғайтуға, сондай-ақ өңірде жұмыссыздық мәселесін шешуге жәрдемдесетінін айтады.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-ші отырысы жаңа «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйінде өтеді деп жоспарлануда.

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР