Шымкентте биылғы төрт айда көлемі 72,0 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5 есе өсті — деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Облыс орталығында сондай-ақ, балабақша мәселесі де оң шешімін тауып келеді. Соңғы 4 жылда «Балапан» бағдарламасы аясында қамтылу деңгейі 2008 жылғы 14,0 пайыздан 69,7 пайызға дейін өсті. Дегенмен, балабақша кезегінде 68 мыңнан астам бала тұр. Осы ретте қалада балабақша құрылысын көбейту қажет. Өткен жылы қалада жаңадан 700 орындық 3 балабақша ашылды. Ал, биылғы жылы бюджет есебінен жаңадан 2650 орындық 9 типтік балабақша құрылысын жүргізуге 1,7 млрд.теңге қаржы бөлінді.