16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Шымкентте өтетін инвесторлар кеңесінде агробизнес мәселелері талқыланады

 Ақмола облысының Бурабай кентінде ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші жалпы отырысы ашылды. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Отырыста шетелдік инвесторлардың ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыруға қатысу мәселесі талқыланды.  00
Тақырып бойынша негізгі баяндаманы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти жасады. Сонымен қатар Азия даму банкі, Табиғи ресурстар жөніндегі Еуразия корпорациясы, «Baker&McKenzie», «Сбербанк», «BG Group», «General Electric», «ЛУКОЙЛ», «Cameco», «Shell» жетекшілері сөз алды. Мәжіліс екі күнге созылады.

ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші жалпы отырысы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
— Өзімізде білетіндей, бірқатар елдерде тұрақсыздық белең алып, инвестициялық ахуал нашарлап отырған кезде Қазақстанда экономикалық одақ шетелдік инвесторлар үшін жаңа мүмкіншіліктер қалыптастырады. Іс жүзінде бұл одаққа мүше үш елдің жиынтық экономикасының көлемі 2,5 трлн. долларды құрайды. Бұл — бірыңғай ережемен жұмыс істейтін сыйымдылығы 170 млн. адамдық ортақ нарық, тауарлардың, жұмыс күшінің, қызметтер мен капиталдардың еркін қозғалысына жағдай жасау, — деді отырыс барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Айтпақшы, шетел инвесторлары кеңесінің келесі отырысы Шымкентте өтетін болды. Онда агробизнесті дамыту мәселелері талқыланады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші жалпы отырысын қорытындылаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Біздің сарапшылармен, сіздермен ақылдасқан Үкімет маған баян етті, 28-ші отырыстың келесі тақырыбын «Қазақстандағы агробизнесті дамыту» деп таңдаймыз. Меніңше, бұл тосыннан емес. Барлықтарыңызға да Дүниежүзілік банктің зерттеулері көрсетіп отырғандай, азық-түлік тұтынушылық өсе түсетіндігі белгілі. 2050 жылға қарай адамзат саны 9 млрд.-ты құрайды және азық-түлік қажеттілігі 2 есеге артады», — деді Елбасы.

Айта кетейік, ҚР Президенті жанындағы инвесторлар кеңесі 1998 жылы ҚР Үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында олардың елдегі инвестициялық қызметімен байланысты проблемалы сұрақтарын шешіп, ҚР-дағы инвестициялық ахуалды жақсарту үшін тиімді шешімдер қабылдау үшін құрылған.

Шетелік инвесторлар кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығындағы кеңес беретін орган болып табылады. ШИК құрамына 35 шетелдік компанияның мен шетелдік ұйымдардың жетекшілері кіреді. Барлығы ҚР Президентінің төрағалығымен 26 жалпы отырыс өткізілді.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР