19-04-2024
14.3 C
Шымкент

Beeline Қазақстан — нарық көшбасшысы

 Beeline Қазақстан компаниясы 2014 жылғы үшінші тоқсанда барлық басты көрсеткіштер – табыс, түсім, пайда және клиенттер саны бойынша өсу қарқынын көрсетті. Компания желінің құрылысын жалғастырып, нарыққа жаңа өнімдер шығарды және қызмет сапасын жақсартты. Абоненттік база 10 миллион межесіне жақындаcа, клиенттер бұрынғыдан да ұзақ сөйлесіп, интернетті қолдануды арттырды.   bilain

2013 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда компанияның жалпы табысы 5%-ға артып, 36 млрд. теңгені құрады. Мәліметтерді мобильді жолдау сегментінің түсімі жылдан жылға артып, өткен жылдың III тоқсанымен салыстырғанда 41%-ға өсті. Клиенттердің жалпы саны 9%-ға артып 9,8 миллионға жетті. Beeline клиенттері айына орташа есеппен 317 минут сөйлеседі. Интернет-трафик 87%-ға артты. Компанияның орташа статистикалық клиенті пошталарды және әлеуметтік желілер мен жаңалықтар ресурстарды қарауға айына 262 мегабайт жұмсайды.

«Біздің стратегиямыз – клиенттерге ең көп қызмет ұсынып, әлемдік деңгейдегі қызмет көрсету. Біз, өз абоненттеріміздің қажеттіліктерін мұқият зерттеп, тұтыну профилін талдаймыз және дәл қазір әрі осы жерде қажетті өнімдерді әзірлейміз. Мұндай қадамның тамаша мысалы – бұл әр күнге арналған «Гигабайт+» интернет-топтамаларының қатары. Мұнда біз ВКонтакте, Facebook, Одноклассники, Мой Мир тәрізді танымал әлеуметтік желілерге тегін қосылу мүмкіндігін ұсынамыз. Қолданушылардың шамамен 75% осы өнімді достарына ұсынады», — деп атап өтті Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко.

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР