18-04-2024
17.3 C
Шымкент

Жаңа жылда қазақстандықтар интернетті көп пайдаланды

Жетекші интернет-өткізуші Beeline Қазақстан 2014 жылғы 31 желтоқсаннан 2015 жылғы 1 қаңтарға қараған түні абоненттердің интернетті бұрынғыдан көп пайдаланғанын және қоңыраулар мен хабарламалар санының біршама қысқарғанын хабарлайды.  2014 жылы 13 желтоқсанда соғылған дыбыстық қоңыраулардың саны 68 131 123-ті құрады. Барлық сөйлесу ұзақтығы – 11 884 283 минут. 2014 жылы 31 желтоқсанда 4 767 698 SMS хабарлама жолданып, қабылданды, бұл өткен жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда 3 027 075 хабарламаға аз (өткен жылы SMS хабарламалардың саны – 7 794 773 хабарламаны құрады). Beeline абоненттері Жаңа жылда интернет трафикті екі есе көп пайдаланды. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы трафик көлемі – 60 584 366 мегабайтты құрады, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 28 451 653 МБ-қа артық (2013 жылғы 31 желтоқсанда пайдаланылған интернет трафиктің көлемі – 32 132 713 МБ).  «Интернет трафиктің өсуі Beeline абоненттерінің бұрынғыдан қарағанда көбірек онлайн жүретінін көрсетеді. Смартфондардың, Viber мен WhatsApp тәрізді әлеуметтік желілер мен мессенджерледің танымалдығының арта түсуі соның дәлелі. Өз кезегінде Beeline Қазақстанның техникалық дирекциясы жаңа жылдық мереке кезінде желі жұмысын жақсарту үшін бірқатаркешенді шараларды іске асырды, ол абоненттерімізге сапалы қызмет көрсетіп, жоғары жылдамдықты және елімізде желіні жаппай таратуға мүмкіндік берді. Соның арқасында клиенттеріміз өз туғандарын, жақындарын және достарын еш қиындықсыз құттықтай алды», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь ой бөлісті.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР