17-04-2024
13.3 C
Шымкент

Жас отбасыларға 216 пәтер берілмек

Үшінші мегаполисте жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлер қатары жыл сайын арта түсуде. Дегенмен, баспанаға сұраныс әлі де жоғары. Сондықтан, бүгінгі таңда қолжетімді баспана бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, әсіресе қала тұрғындарының басты назарында. turgiiinnn
Бұл орайда, жауапты мекемелер жұртты үнемі хабардар етіп отыруға құмбыл. Осы орайда, «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ермек Қыдыров, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Оңтүстік Қазақстандағы облыстық филиалының басшысы Қасым Маликов, Шымкент қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, тұрғын үй секторының меңгерушісі Гүлнар Әшірбаева мен «Қазақстан ипотекалық компаниясының» басшысы Елжан Байтанаев мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан тұрғын үйлер мен баспанаға мұқтаж азаматтарға берілетін үйлердің тәртібі мен механизмі жайында толыққанды мағлұмат берді.
Атқарылып жатқан жұмыстар мен нәтижелер баяндалған жиында Е.Қыдыров биыл өңірде жалпы 405,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетіндігін мәлімдеді. Облыстық құрылыс басқармасы басшысы орынбасарының мәлімдеуінше, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша өткен жылы жалпы ауданы 211 мың шаршы метр немесе 3 886 пәтерді құрайтын 69 үйдің құрылысына 11 млрд. 674,2 млн. теңге қарастырылып, жыл соңына дейін жалпы ауданы 36,4 мың шаршы метр немесе 641 пәтері бар 23 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған.
Келер жылы Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй жинақ банкі арқылы жас отбасыларға 216 пәтер тапсырылады. Шымкент қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, тұрғын үй секторының меңгерушісі Гүлнар Әшірбаеваның айтуынша, жергілікті билік арқылы кезекте тұрған 16 мың азамат 3 бағыт бойынша кезек ретімен тұрғын үймен қамтамасыз етілуде. Осы бағыттар бойынша былтыр екі тұрғын үй, яғни 144 пәтер пайдалануға берілген. Олардың 12-сі Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне берілсе, 137-сі жетімдерге тарту етілген.
Баспасөз мәслихаты барысында журналистер сауалына толыққанды жауаптар беріліп, пәтер алу тәртібі мен құжаттар жинауға қатысты атқарылатын заңды үдерістер реті де түсіндірілді. Сондай-ақ, бағдарламаның орындалу барысы, тұрғын үй құрылысы облыс, қала басшылығының басты назарында екені айтылды.

Э.Оспан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР