19-09-2021
22.3 C
Шымкент

Көші-қон заңнамасын 900 адам бұзған

Заңсыз мигранттардың осындай саны «Нелегал-2015» жедел-алдын алу шарасының барысында анықталған, деп хабарлайды ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.мигранты

Екі тәуліктің ішінде полицейлер көші-қон заңнамасын бұзған 898 бұзушыны анықтады. Олардың арасында 816 шетелдік азамат пен қазақстанның 82 азаматы бар. Заңды бұзған 269 адам әкімшілік жауапкершілікке  тартылды, 381 адам әкімшілік қамауға алынды, 170 адамға ескерту берілген.  Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, сот шешімімен заң бұзған 78 шетелдік азамат ҚР сыртына шығарылды, 304 шетелдік азаматтың ел аумағында болу мерзімі қысқартылды. Бұдан басқа, жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған 86 бұзушы ОҚО ІІД қабылдаушы-бөлішіге қамалды. Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны және шетелдіктерге баспана бергені үшін Қазақстанның 82 азаматына айыппұл салынды.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР