15-04-2024
15.3 C
Шымкент

«Shymkent mall» сауда-ойын сауық кешені салынады

Шымкент қаласында Қазақстандағы ең үлкен сауда-ойын сауық орталығы салынбақ, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметіненОблыс әкімі Б.Атамқұлов пен инвесторлар арасында жүргізілген кездесу нәтижесінде, Шымкент қаласында жалпы аумағы 38,0 га жер телімінде Қазақстанда ең үлкен «Shymkent mall» сауда-ойын сауық кешені салынатын болды.  «Жалпы ауданы 120,0 мың шаршы метрді құрайтын cауда-ойын сауық кешенінде бірқатар қызмет көрсету нысандары орналастырылады.  20151025000802

Жобаға жалпы соммасы 42,0 млрд.теңге құрайтын жеке инвестиция тартылады және 4000 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бұдан бөлек, кешенде 8 платформадан тұратын және бір уақытта 350 жолаушыны қабылдайтын автовокзал жұмыс жасайтын болады. Кешен заманауи тенденцияларды ескере отырып, жобаланған және орналасқан қала аумағы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылып, қала тұрғындарына тиімді, қол жетімді жаңа форматтағы сапалы қызмет көрсететін болады. «Shymkent mall» Шымкент қаласының шырайын аша түсіп, еліміздегі ең ірі қайталанбас сауда орталығы болмақ. Көрсетілетін қызметтердің жоғарғы деңгейге көшуіне оң ықпалын тигізетін болады», — деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР