03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Өтемақы төлеу тәртібі желтоқсанға дейін ұзартылды — Ұлттық банк

Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібінің іске асырылу барысы туралы Ұлттық банк мәлімдейді. Ұлттық Банк Басқармасының 2015 жылғы 9 қыркүйектегі №157 қаулысымен бекітілген Еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес өтемақы салымшыға 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңында теңгемен ашылған депозит болған кезде жүзеге асырылады. банкк

Бұл ретте депозит бойынша банк шотындағы қалдық 1 миллион теңгеден аспауға тиіс.   Ұлттық Банк Басқармасының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі №177 қаулысымен Тәртіпке өзгерістер бекітілді, оларға сәйкес банктердің салымшылардан өтініштер қабылдау мерзімі қоса алғанда 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды. Осыған байланысты Тәртіп шеңберінде өтемақы алу үшін салымшылар 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде депозиті бар банкке депозитті қайта ресімдеу үшін өтініш беруі қажет.  2015 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша банктерде депозиттерді қайта ресімдеуге берілген 129 000-нан аса өтініш жатыр, бұл ретте банктер 146 000-нан астам салымшы бойынша депозиттерді қайта ресімдеген.  Түсініктемелер мен консультацияларды салымның болған орны бойынша банктерде, сондай-ақ Ұлттық Банктің қоғамдық қабылдау бөлмесінде Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайында, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында, сондай-ақ +7 (727) 2788 058, 2619-234 телефондары бойынша алуға болады.

«ҚР Ұлттық Банк» РММ

Оңтүстік Қазақстан филиалы

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР