17-04-2024
9.3 C
Шымкент

Интернет журналистке қажетті кеңестер

Қазақстанда күн сайын интернет сайттардың саны артып келеді. Алайда интернет-журналистиканың бірізділікке түспегенін байқауға болды. Нназарларыңызға белгілі медиа тренер Александр Амзиннің «Новостная интернет-журналистика» кітабында келтірілген «Интернет журналистің 140 ережесін» ұсынамыз. images

Жаңалықтардың құрылымы

  1. Тақырыпты немесе шамамен болашақ тақырыбыңызды жаңалықты жазып болған соң емес, жаңалық жазғанға дейін ойластырыңыз.
  2. Тақырыбыңызда етістік болсын
  3. Тақырыптағы етістік осы шақта болуы мүмкін емес. Жаңалық – болған нәрсе немесе болашақта болатын оқиғалардың хабарландыруы түрінде таралады.
  4. Интрига жасаудың қажеті жоқ. Анық болғаны дұрыс. «Президент өлді» деген жаңалық Зимбавенің президентіне қатысты болса, сіздің ел үшін маңызды емес.
  5. Тақырыпты нақты берген дұрыс. Сәл өткір қылып беремін деп мағынасын өзгертуге тырыспаңыз.
  6. Басқалардың тақырыптарын көшірмеңіз. Өз ойыңызды басқалардың ойына қарағанда жеткізу оңай.
  7. Дереккөзінің хабарламасын оқыңыз. Хаттағы мәтінді түсініп алған соң, жаңалықты хаттан көшірместен жазып шығыңыз.
  8. Бір мәтінде бірнеше дерек айтуға тырысқыңыз келсе, тақырыпта ең негізгі жаңалық туралы айтыңыз.
  9. Жаңалықта кем дегенде екі дереккөзді пайдалануға тырысыңыз.
  10. Мәтінде бір фактіні екі рет қайталамаңыз
  11. Жаңалықты жазып болып, оқып шығыңыз. Егер түсініксіз болса, көңіліңізде сұрақ туындаса, қайта жазыңыз.
  12. Мәтінде жауабы жоқ сұрақтар болса, ол туралы айтып көрсеткен дұрыс
  13. Егер сұраққа жауапты телефон арқылы алу мүмкін болса, телефон шалғаныңыз дұрыс.
  14. Жаңалықтың құрылымын жаңалықты жазып болғаннан кейін емес, ақпарат жинау барысында ойластырыңыз.
  15.  Оқырманның басты сұрақтарына жауап берген дұрыс: кім, не, қайда, қашан, не үшін, неге?
  16. Жаңалық бір оқиғаның жалғасы болса, оқырманға түсінікті болуы үшін алдындағы тарихын айта кеткен дұрыс.
  17. Жаңалық мәтінінде жеке көзқарасыңыз көрсетілмеуі керек. Эмоцияға жол бермеңіз.
  18. Жазған жаңалығыңыз өзіңізге ұнауы керек. Ұнамаса халтура.
  19. Өзіңізге ұнамаған мәтін оқырманға да ұнамайды.
  20. Мәтінде әрнәрсені орнымен атаңыз. Саястакерді саясаткер, кинопродюсерді кинопродюсер.
  21. Барлық ақпаратты 4-6 абзацқа сыйдыруға тырысыңыз. Сыйдыра алмасаңыз мақала жазыңыз.
  22. Сіз мәтін емес, гипермәтін жазып отырсыз. Мәтінде оқырманға түсіндіру қажет жерлердің бәріне сілтеме қоюды ұмытпаңыз.
  23. Жаңалық оқырман сайтты бір шолып шыққанда-ақ ұнауы керек. Өйткені жаңалық бір-ақ рет оқылады.
  24. Жаңалықты шындық іздеумен шатастырып алмаңыз. Сіздің мәтініңіз нақты жағдайда суреттеуші емес, дереккөздерінің ақпаратын жеткізуші ғана.

Аударма және шет тілдері

  1. Ешқашан автоматты (онлайн) аудармашының көмегіне жүгінбеңіз
  2. Онлайн аудармашының көмегіне тек бір ғана жағдайда: қасыңызда жазылған мәтінді түсіндіретін адам болмаса, ондай жалпы не жазылғанын түсіну үшін ғана жүгінсеңіз болады.
  3. Ағылшын және басқа тілдердегі «калькадан» қашыңыз.
  4. Сөздіктен іздегенде баламасын іздеген ең бірінші сөзді пайдаланудан қашыңыз.
  5. Сөздердің баламасын оқып, іздеп, нақты баламасын беруге тырысыңыз.
  6. Таныс емес сөздердің мағынасын сөздіктен іздеңіз.
  7. Сіздің іскери ағылшын тілін білетіндігіңіз, мәдени терминдерді білетіндігіңізді білдірмейді. Әрқашан таныс емес сөздердің мағынасын түсініп алыңыз.
  8. Шетелдіктермен мүмкіндігінше көбірек сөйлесіңіз. Бұл сіз үшін тегін сабақ.
  9. Көптеген әріптестеріміз өз ана тіліндегі ғана дерекөздерді оқиды. Шетелдік дереккөздер бәсекелестікте басымдылық береді.

Баспасөз-қызметімен қарым-қатынас және этика

  1. Баспаөз мәслихатына редакцияға пайда әкелетін материал табу үшін ғана барыңыз.
  2. Уақытты фуршетке емес сұрақтарға жұмсау керек.
  3. PR-қызметкерлері қолда бар материалдарын жібере берсін, қажеттісін өзіңіз таңдап аласыз.
  4. Ақпаратты тексеру немесе нақтылау үшін баспасөз хатшысына хабарласуға ерінбеңіз.
  5. Баспасөз баяндамасының өзін басқа дереккөздерін тексеру артық етпейді.
  6. Әрдайым тікелей дереккөзді іздеуге үйреніңіз.
  7. Байланыс номерлеріңізді PR-мамандарынан жасырмаңыз, олардың айтары көп.
  8. Қандай жағдай болмасын PR-қызметінің эмбаргосын сақтау қажет.
  9. Бірақ ақпарат бәсекелестер тарапынан келсе, алдыңғы пункттегі ережені бұзуға да болады.
  10. Құпия болып қалғысы келген дереккөзіңіз туралы ақпаратты бөтен ешкімге айтпаңыз.
  11. Мақала жазбастан бұрын пікір білдіру туралы өтініш хат жазып жіберіңіз. 40 минут ішінде жауап болмаса, өзіңіз хабарласыңыз.
  12. Пошта арқылы өтініш жібергенде сізге толық мәтін келуі мүмкін. Ал телефон арқылы сөйлескенде жылдам ақпаратқа ие боласыз.
  13. Баспасөз қызметі телефон арқылы пікір білдірмейтін компанияларды да біле жүріңіз.
  14. Өтінішсіз жіберген ешқандай бағалы сыйлықты қабылдамай, кері жіберіңіз.
  15. Өз құқығыңызды біліңіз, материалды жөндеу туралы кез-келген талаптарға көне бермеңіз.
  16. Кімнен болмасын мәтінді көшіріп баспаңыз.

Корректура

  1. Бастауыш пен баяндауыштың арасына үтір қойылмайды
  2. Редактор мен корректорға сенбеңіз. Олар сіздің кемшіліктеріңізді жасырмауы қажет.
  3. Фактілер мен арифметикалық есептерді тексеріңіз. Әсіресе есептерді. Өзіңіздікі де, өзгенікін де.
  4. Жазғаныңызды қайталап оқыңыз.
  5. Мәтініңізді түзетіп отырған әріптестерге ашуланудың қажеті жоқ. Олардан зиян шекпейсіз.
  6. Орфографияны автоматты тексеруге  сенудің қажеті жоқ.
  7. Граммантиканы автоматты түрде тексеретін «жасыл сызықтарды» да ұмытыңыз.
  8. Қандай сөзді жиі қайталап айтасыз. Жаңалық жазу кезінде олардан құтылыңыз.
  9. 2 жолдан артық сөйлемдерді бірнеше бөлімге бөліп көруге тырысыңыз. Үтірлерді нүктеге алмастырыңыз.
  10. Азат жол бірден көрінуі қажет. Әр азат жолдағы ой 3-4 сөйлемге сыйып тұрсын.
  11. Жаңалығыңызды дауыстап оқып көріңіз. Жаңылып кеткен жерді қайта жазып шығыңыз.
  12. Оқып түзету кезінде сөздерді сөйлемнің соңынан бастап оқып көріңіз. Мәтінді жұтып қою доғарылады.
  13. «-лық», «-лік», «-ды», «-ді» жұрнақтарын барынша сызып тастап отырыңыз.
  14. Да, де-ні қай уақытта бірге, қай уақытта бөлек жазуды білмесеңіз, басқа мамандық жайын ойлай берсеңіз болады.
  15. Мәтіннің құрылымынан «мүмкін», «осы арқылы», «дегенмен», «алайда», «сондай-ақ», «айтқандай», «жекелей алғанда», «мысалы», «солай» дген сөздерді алып тастаңыз.
  16. Түзету үшін мәтінді сізбен жақсы таныс емес адамға жіберсеңіз, мәтіннің сыртқы құрылымына да мән беріңіз.
  17. Келісу үшін жіберілген сұбат та оқуға жағымды болу қажет.
  18. Ешқашан төл сөзді қолданбаңыз. Егер жалпы мағынаны беру қажет болса төлеу сөзді пайдалану қажет.
  19. Корректордың басты қағидасы: мәтінде қанша қате табылса да, тағы біреуі болады. Мысалы, алдыңғы пунктте. Байқадыңыз ба?
  20. Өз стиліңізбен жұмыс істеңіз. Норы Гальдың «Өлі және тірі сөз» кітабын оқудан бастауға болады.
  21. Сала құлаш тіркестерден арылыңыз.
  22. Лауазымдарды қысқартып отырыңыз.
  23. Ал синонимдерді кеңінен пайдаланыңыз.
  24. Грамматикалық нұсқаулықтарды жиі оқып тұруға ерінбеңіз.
  25. Стилистикалық тұрғыда барынша нейтральды жазыңыз.
  26. Көп нүкте мен леп белгісінен құтылыңыз.
  27. Сөздерді барынша жартылай қалың, курсив, сызылған түрінде аз беруге тырысыңыз.
  28. Географиялық атаулар мен есімдерге мұқият мән беріңіз. «Гонг Конг», «Беджинг», «Мумбай» екендігіне сенімдісіз бе?

Блогосфера және басқа да әлеуметтік медиа

  1. Қолжетімді деген барлық әлеуметтік желілер мен блогхостингерге тіркеліңіз.
  2. Блогтар оқыңыз. Бұл адамдардың орын алған оқиғаға шынайы көзқарасын білдіреді.
  3. Бірақ блогерлерге сенбеңіз, олар бір жақты қарайды.
  4. Ең танымал блогерлер — ең коммерциялық және көп сатылатын блогтар.
  5. Блогтарда сіз көрген даулы хабарламалардың жартысы арнайы тапсырыспен жазылған. Дереккөз ретінде сілтеме жасағанда ескеріңіз.
  6. Барлық ірі блогдауларынан хабардар болыңыз.
  7. Басылымды шолу, блог жазу — қайсысы болмасын ресми құжат емес. Оқырманыңыздың зерігуіне жол бермеңіз.
  8. Богтарға шолу жасағанда көбірек сілтеме беріңіз. Сіздің пікіріңіз ең соңынан қызықтырады.
  9. Шолуға негіз болатындай сюжет дайындап алыңыз.
  10. Біржақты шолудан аулақ болыңыз, бірден байқалады.
  11. Әлеуметтік парақшадағы жазбалардың өзі жаңалыққа себепші болады.
  12. Тіпті олардың өшірілуі де.
  13.  Кез-келген ресурстардың сленгтерін үйреніп алыңыз. «Ретвит», «парақша,», «репостың» не екенін нақты біліп тұруыңыз қажет.
  14. Мемлекеттік шенеуніктердің блогтары мен микроблогтарын жиі шолып тұрыңыз, ол жақта да қызық көп.
  15. Бірақ бұл блогтарды олардың көмекшілері мен арнайы мамандар тікелей тапсырма немесе өздіктерінен жазып отыратындығын ұмытпаңыз.

Қабілет, қулық, өнімділік.

  1. Іздеу жүйелері мен интерфейстердің тілін үйреніңіз. Алған біліміңізді жиі пайдаланып отырыңыз.
  2. Тек бір ғана іздеу жүйесімен шектеліп қалмаңыз.
  3. HTML-ді үйреніңіз. Қандай мамандықта болмасын қажет болады.
  4. Операциялық жүйедегі клавиштердің үйлесімділігін білу артық етпейді.
  5. Күніңізді мәтіндік редактор мен электронды кестедегі қосымша мүмкіндіктерді пайдалануға жұмсаңыз. Көп қызықтар табасыз.
  6. Күрделі бағдарламалық қамсыздандыруды пайдаланбауға тырысыңыз. Өзіңіз білгенмен, өзгелер браузерде құжат оқып, Microsoft Word-да жазуға үйреніп қалған.
  7. Мессенджердегі ең пайдалы статус- «қолым бос емес».
  8. Тақырыпты бекіте салысымен бильд-редакторға иллюстрация жасауды өтініңіз. Оның жақсы жұмысқа уақыты көп болады.
  9. Максималды өнімділік үздіксіз 15 минуттық жұмыстан кейін пайда болады. Сізді бөгеуге жол бермеңіз.
  10. Мәтінге тек материалдың құндылығын арттыратын мәліметтерді қосыңыз.
  11. Егер компьютеріңізде белгілі бір сайт ашылмаса, жаңалық жазуға асықпаңыз. Мүмкін ол басқаларда жұмыс істеп тұр.
  12. Ең жылдам браузерді таңдаңыз.
  13. Браузердің қосымша парақтарын жиі пайдаланыңыз. Бірнеше веб-парақшаларды ашып қойып, салыстыру жасап көруге де болады.
  14. Егер жиі бірнеше құжатпен жұмыс істейтін болсаңыз, екі немесе үлкен бір монитор пайдаланыңыз.
  15.  Сыртқы шуға көңіл бөлуге мүмкіндік бермейтіндей және еңбек өнімділігін арттыратындай музыка таңдаңыз.
  16. Жұмыс орныңызды барынша жинақы ұстаңыз. Сіздің миыңыз еркіңізден тыс алаңдай береді.
  17. Ірі тапсырмаларды ұсақ өтініштермен алмастырып отырыңыз. Күрделі істі аяқтаған соң қарапайым нәрсеге көңіл бөлу керек.
  18. Уақытты есептей біліңіз. Нақты қанша сағат ішінде бітіретіндігіңізді білмей жатып, материалды уақытында тапсыруға уәде бермеңіз.
  19. Сіз өзіңіз қсынған мәліметтерге жауап бересіз. Сондықтан даулы мәселелерде Википедияға жүгінбеген абзал.
  20. Орындайтын істердің тізімін жасап, сізге ең ұнамайтынынан бастаңыз.
  21. Барлық айлдар мен мақалалар қол астыңызда болу үшін  Dropbox (http://www.dropbox.com) тәрізді бағдарламаларды пайдаланған жөн.
  22. Егер жиі жазбалар жазып қалдыратын болсаңыз,  Evernote (http://www.evernote.com) тәрізді бағдарламалар көмекке келеді.
  23. Флеша мен дискілерге сенбеу қажет.
  24. Егер нақты тақырыпты жазбайтыныңызды білетін болсаңыз, «біздің форматымыз емес» деген сөз көмекке келеді.
  25. Мәтін жазу кезінде жанр ауыстырмаңыз. Соңы жақсылыққа апармайды.

Мониторинг және жаңалық

  1. Сіздің тақырыбыңзыға қатысты ең ірі басылымдар мен блогтарға жазылып, оларды әр күн сайын оқып отырыңыз.
  2. Әрі таңыңызды газеттермен бастап, кешіңізді қортынды жаңалықтармен аяқтаңыз.
  3. Көңіліңізге жақпаған тақырыптарға кейде зер салып қарап, жазуға байқап көріңіз. Сіз ойлағаннан да басқаша болу мүмкін.
  4. Арнайы тақырып жазып отырсаңыз, күнделікті жаңалықтарды оқып отыруды ұмытпаңыз.
  5. Өзіңіз үшін RSS-ридер, жекелей алғанда Google Reader ашып қойыңыз.
  6. Дереккөздеріңізді тақырыбы, маңыздылығы бойынша сұрыптап қойыңыз. Аймақтық жаңалықтар оқып отырып, Bloomberg агенттігінің хабарламаларын қараудың қажеті жоқ.
  7. Жаңалықтан агенттік жазғаннан да бөлек ойды байқауға тырысыңыз.
  8. Кейде «шұғыл, маңызды» деген жаңалықтардың салмағы статусынан да аз болуы мүмкін.
  9. Мониторинг кезінде сізге емес аудиторяға қызықты жаңалықтарға аса назар аударыңыз.
  10. Жаңалықтың салмағы көп жағдайда ньюсмейкерге байланысты. Әскери қылмыскерді орденмен марапаттау кез-келген басқа марапаттаудан маңыздырақ.
  11. Бірінші дереккөз- сіз бірінші оқыған емес жаңалықты бірінші хабарлаған ресурс.
  12. Агрегаторларда жиі-жиі ең қызықты жаңалықтар шығады, бірақ бірнеше сағат кешірек.
  13. Егер шетелдік жаңалық қазақстандық агенттіктен алынса, онда 99  пайыз оның дереккөзі болады.
  14. Өзіңізді қызықтырған саладағы компаниялар мен ұйымдардың баспасөз қызметімен байланыс орнатыңыз.
  15. Аптасына бір рет таныс емес сайттарды аралып шығыңыз.
  16. Достарыңыз бен әріптестеріңіз жіберген сілтемелерге назар аударыңыздар. Олардың дереккөздері де маңыздылыққа ие болуы мүмкін.

Өмірлік ережелер

  1. Егер көмекшіңіз болса, оны бақылаңыз, бірақ оның орнына жұмыс істемеңіз.
  2. Күшіңізді есептеңіз. Жүйке жүйелеріңіз бен жүрегіңіз «мәңгілік қозғалтқыш» емес.
  3. Бірақ өзіңізді аяудың да қажет жоқ , бұл еңбек өнімділігін азайта түседі.
  4. Соңғы шыққан фильмдер көріп, кітап оқыңыз. Әрдайым керек болады.
  5. Оқырмандармен қарым-қатынас кезінде ашық түрдегі дөрекілікке жол бермеңіз.
  6. Қоқан-лоққыларға атүсті қараға болмайды.
  7. Қандай-да бір әрекетті не үшін істейтініңізді білмесеңіз, ол қадамға бармаңыз.

Дерек көзі: 7kun.kz

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР