test
14-07-2024
30.3 C
Шымкент

Өткен жылы 22 мыңға жуық жұп отбасы құрған

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 22 мыңға жуық жұп заңды некеге тұрған. Ал 31 желтоқсан Жаңа жыл қарсаңында 41 жұп отбасын құрды. Облыстық АХАТ бөлімінің хабарлауынша, 2014 жылы 23 мыңнан астам жұп шаңырақ көтеріпті. Жас отбасылар некеге тұру үшін электронды түрде өтініш беру жүйесі де қызмет етеді. Бұл өз кезегінде жұмыстың тиімділігі мен уақыт үнемділігін арттырып отыр. v-kakom-vozraste-sleduet-vstupat-v-brak

АХАТ бөлімдері отбасы мәртебесін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нассихаттауға бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізеді.

АХАТ бөлімдері тоқсан сайын жастарға және некеге отыратын азаматтарға арналған «дөңгелек үстелдер» мен семинарлар өткізеді. Сондай-ақ, әр ауданда жас отбасы клубы жұмыс істейді. Онда дәрігерлер мен психолог мамандардың қатысуымен семинар-тренингтер, ауыл зиялыларымен бірлескен жиындар өткізіліп тұрады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР