03-09-2021
33.3 C
Шымкент

15 мыңнан астам адамға қызмет етті

 

Еліміздегі үшінші мегаполис Шымкентте қаланың шырайын ашқан оң өзгерістер көп. Соның бірі – «Shymkent Sity bus tours» автобустары. Лондонның көркіне айналған бұл әйгілі автобустар бүгінде шымкенттіктердің де қызықты серуен жасауына мүмкіндік жасауда.9b8ea7087f7cadb311a58c2977547292

Естеріңізде болса, былтырдан бастап «Жібек жолы» туристік компаниясы аталған екі қабатты екі автобуспен қала тұрғындары мен қонақтарына экскурсия ұйымдастырған болатын. Мәліметтерге жүгінсек, 2015 жылдың мамыр-қараша айларында екі қабатты саяхатқа арналған автобус Шымкент қаласында 15 мыңнан астам клиентке қызмет еткен. Ерекшелігі, онда саяхатшылар үшін қаланың тарихы мен қызықты фактілері аудиогид арқылы хабарланып, кеңінен таныстырылды. Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының мамандары қала ішіндегі мұндай саяхат биыл да жалғасатынын айтады.

Басқарма қызметкерлерінің мәлімдеуінше, автобуспен саяхаттау маусымы биыл ертерек ашылады деп жоспарлануда. Яғни, 2016 жылдың сәуір айынан бастап аталған автобус жоғары сапада қызмет көрсетпек. Жаңа маусымда компания мәдени ұйымдар және мекемелермен бірлескен іс-шараларды жүргізуді, туристік маршруттарды кеңейтуді көздеп отыр.

Авторы: С.Әуесбек

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР