25-04-2024
22.3 C
Шымкент

«KN animation» — жаңа студия

Шымкентте тағы бір анимация студиясы ашылды. «KN animation»  алдағы уақытта ұлттық тәрбиеге баулитын мультфильмдер шығаруды мақсат етіп отыр.

Қазірдің өзінде анимация студиясында жұмыс қызу жүріп жатыр. Шығармашылық топ төрт сериядан тұратын «Жолаушы мен айдаһар» аңызының желісі бойынша 3D форматында мультфильм түсіруді бастады. Оның әр сериясының ұзақтығы 3-4 минутты құрайды. Туынды мамыр айында  аяқталмақ. Аниматорлар  жылына 4 фильм түсіруді жоспарлауда. Шығармашылық топта әзірге, бес адам жұмыс істейді. Болашақта олардың қатары толығуы мүмкін.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР