06-09-2021
34.3 C
Шымкент

93 әйел депутат болуға ұсыныс білдірген

ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Досыбай Шерімқұлов өзі жетекшілік ететін Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның ОҚО бойынша өңірлік жәрдемдесу орталығы құрылып, өз жұмысын бастағанын мәлімдеді. 0000

Д.Шерімқұловтың айтуынша, сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссияның басты міндеті — сайлау мерзімі мен дауыс беру кезінде барлық процесті бақылап, науқанның заң шеңберінде өтуін қадағалау, әр азаматтың өз еркімен таңдауына мүмкіндік беру екенін айтты. «Облыс бойынша 1074 сайлау учаскесі болса, соның барлығына байқаушылар белгіленіп, олардың бәрі оқу-тәжірибеден өткізіледі. Бүгінде өңірлік орталықта құрамы төрт адамнан тұратын штаб құрылды. Олар кезең-кезеңімен брифингтер, семинар-тренингтер мен нұсқаулық жиындар өткізіп, байқаушылардың функциональды міндеттерін түсіндірмек», — деді өңірлік сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссияның төрағасы.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатына қатысқан облыстық сайлау орталығының мүшесі Алтынбек Кәттебеков сайлау жұмыстары бекітілген күнтізбеге сай жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жалпы, облыс бойынша сайлауға 1279 кандиданттан ұсыныс келіп түссе, олардың ішінде 11 ұлт өкілдері мен  93 әйел бар екен. 17 ақпандағы мәлімет бойынша 85 кандидат тіркелген.

Жиын соңында Д.Шерімқұлов ОҚО бойынша өңірлік жәрдемдесу орталығының белсенді азаматтарды сайлаудың әділ де, ашық өтуін бақылауға қатысуға шақырды. Бұл туралы толыққанды ақпаратты Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 7-А мекен-жайынан немесе 8(7252) 39 30 56, факс/ 39 23 30 байланыс нөмірлері арқылы білуге болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР