04-04-2022
24.3 C
Шымкент

Қазақстандықтардың зейнетақы қорында қанша қаражат бар?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2015 жыл қорытындысын шығарды, деп хабарлайды «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.  Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 5,83 трлн. теңге. 2015 жылдың 12 айында түскен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы – 657,6 млрд. теңге. 2015 жылы БЖЗҚ алған және салымшылар (алушылар) ЖЗШ-ына бөлген инвестициялық табыс – 761,40 млрд. теңге. Осылайша, 2015 жылғы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 13,6% құнсыздану деңгейінде 15,65%-ды құрады.

Зейнетақы жарналарын тарту: 271220132

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттары – 10 116 751 бірлік;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша 390 993 адам шарт жасады;

ерікті зейнетақы жарналары бойынша 40 060 шарт жасалды.

Зейнетақы төлемдері және аударымдары

Жүзеге асырылған зейнетақы төлемдері мен аударымдарының сомасы 141,12 млрд. теңгені құрады, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар сомасы – 24,23 млрд. теңге. Салыстырып көріңіз, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы 2014 жылы 93,04 млрд. теңге болған, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар сомасы – 13,6 млрд. теңге.

Қызмет көрсету

2015 жылы БЖЗҚ қызмет көрсету орталықтары арқылы 6,6 миллионнан астам қызмет көрсетіліп, салымшыларға (алушыларға) көрсетілетін қызмет түрлерінің барлығы бойынша орташа күту уақытын 5.58 минутқа дейін қысқарту жұмысы жүргізілді.

Сонымен қатар 2015 жылы «БЖЗҚ мобильдік кеңсесі» бағдарламасы жұмыс істей бастады. Қор мамандары мүмкіндігі шектеулі адамдарға өздері барады. Бұл бағдарламаны іске асыру барысында Қор кеңселеріне өздері келе алмайтын 11 900-ден астам адамға қажет қызмет көрсетілді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңын орындау аясында 7 059 300 адамға жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы міндетті түрде хабар берілді.

ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат салымшының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке немесе ақпарат алу тәсілін өзгерту/анықтау туралы келісімге қол қойған кезде өзі таңдаған әдісімен беріледі. Бүгіндегі қолжетімді ақпарат арналары: өзінің келуі, пошта, электрондық пошта, web-сайт, ұялы қосымша, e-gov порталы арқылы.

1 миллион 300 мыңнан астам адам жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы мәліметті интернет арқылы алғанды жөн көреді. Бұл зейнетақы қорындағы бүкіл салымшының 12%-ынан астамы (салыстырып көріңіз, бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 7% болған).

Веб-клиенттердің жалпы санынан 300 мың адамнан астамы хабарламаны электрондық мекенжайға, 1 000 000-нан астамы www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімі немесе телефондағы ұялы қосымша (Android, iOS және Windows Phone платформаларында жұмыс істейді) арқылы алғанды жөн көреді. Ұялы қосымша қолданысқа енгізілген сәттен бері оны 113 мыңнан астам пайдаланушы жүктеп алған.

Көрсетілетін қызметтерді жақсарту мен ауқымын кеңейту бөлігіндегі 2015 жылдың елеулі оқиғаларының бірі – зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты e-gov электрондық үкімет порталы арқылы алу. Электрондық үкімет порталы арқылы қызмет іске қосылған сәттен бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 125 мың үзінді көшірме берілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР