19-04-2024
25.3 C
Шымкент

Жастардың кәсіпорындарда жұмысқа тұруына мүмкіндігі бар

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен дуальді білім беруді дамыту аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің басшылық құрамы облыстағы ірі кәсіпорындарды аралады, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.  жас

Құрылыс материалдары мен бұйымдарын шығаратын өндіріс орындарын аралаудың негізгі мақсаты — студенттер мен магистранттардың дуальді білім алу жүйесінде кәсіпорындармен арадағы ынтымақтастықты арттыру болып табылады. Құрамында оқу орындарының проректорлары мен декандары, кафедра меңгерушілері бар делегация мүшелері батпалы сорғыларын шығаратын «Карлс крона» ЖШС зауыты мен қабырға тастары мен жиек тастарын, аяқжол плиткаларын, қоршау тастарын, ішкі қоршау бұйымдары мен жабу плиталарын, электр желілерін, іргетас блоктарын және т.б. өнімдерді өндіретін «Строй Юг Групп» ЖШС-нде болды. Аталған өндіріс орындарын аралау кезінде тараптар ғылым мен инновация саласында әріптестік орнатуге келісті. Бұдан былай дуальді білім беру аясында арнайы жобалар құрылып, тәжірибелік бағдарламалар ұйымдастырылатын болды. Бұл жұмыстар студенттер мен магистранттардың болашақта осындай кәсіпорындарға жұмысқа тұруына көмек береді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР