16-04-2024
18.3 C
Шымкент

«ConnectionPoint» — қарқынды жұмыс істейді

Қазіргі таңда ХҚКО-тарында өзіне өзі қызмет көрсету секторлары «Connection Point» алаңдары қарқынды жұмыс жасауда. Онда қазақстандықтар, инспекторды күтпей-ақ, өз беттерімен электрондық қызметтерді пайдалана  алады. Қызмет алушы мемлекеттік қызметті алғаш рет пайдалана бастаса, оған міндетті түрде ХҚКО-ның инспекторы кеңес беру арқылы көмектеседі. Электрондық үкімет порталының «Connection Point» секторларынан азаматтардың ең талап етілетін қызметтердің бірі болып мынадай электрондық анықтамалар қалып отыр:  қозғалмайтын мүліктерінің бар-жоқтығы туралы анықтамалар, мекенжай жөніндегі анықтамалар, зейнетақылардың аударымы туралы анықтамалар. IMG_0077

Бүгінде электронды үкімет порталы арқылы көптеген мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі сапалы алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл электронды үкімет порталының бірден бір жетістігі. Қызметті пайдаланушылар ХҚКО жүгінбей  өз бетімен нәрестені балабақша кезегіне қойып, ата-тегі мен есімін өзгеруге өтініш беріп, жеке кәсіпкерлігін тіркей алады. Сонымен қатар мемлекеттік баж, салық, жол қозғалысын бұзғандығы үшін айыппұлды, коммуналдық қызмет ақысын төлей алады.

«Connection Point» немесе өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы  арқылы қажетті мемлекеттік қызметті тұтыну үшін клиенттің ЭЦҚ-сы (электрондық цифрлық қолтаңба) болу керек.  Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген адам кезек күтпей «Connection Point» аймағының кеңесшілері арнайы жабдықталған орында қызметті электрондық үкімет порталында өздігіңізден жұмыс істеуіңізге үйретіп, кеңес береді.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары  «Connection point» секторлары арқылы жылдың басынан  бүгінге дейін 186 552 аңықтама беріліп, 188 300 кеңес берілген.

 

 

«ХҚКО» РМК ОҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР