18-04-2024
20.3 C
Шымкент

Шымкентте «Таза қала» байқауы басталды

Жылдағы дәстүрге сәйкес, тұрақты түрде өтіп келе жатқан «Таза қала» акциясының биылғы жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайды. Бұл жайында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай және «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті Шәріпбек Жамалбек брифингте мәлім етті.39-034

Бүгінде «Таза қала» акциясы 4-рет ұйымдастырылып отыр. Шымкент қаласының әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған «Таза қала» акциясына қала аумағында орналасқан үйлердің төрайымдары мен көше комитетінің төрағалары қатыса алады. Байқауға қатысушылардың өтінімдері 20-сәуірге дейін қабылданады.

– Шымкент қаласының тұрғындарын тазалық сақтауға үндеу, көшелерді, көпқабатты үйлердің аула аумақтарын көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық жағдайына көңіл бөлу және абаттандыруға тұрғындарды кеңінен тарту – акцияның басты мақсаты болып табылады. Биылғы акцияның өзіндік бір ерекшелігі сол – үздік деп танылған мектеп оқушылары мен жергілікті полиция қызметкерлері де жекелей номинация бойынша марапатқа ие болмақ. Ең бастысы, акция ашық, әрі әділ жағдайда өтеді, – деді қала әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы.

Ал «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті Ш. Жамалбек парақшалар барлық тұрғын үйлерге ілінетінін, онда акцияға қатысты мәліметтер толық қамтылғанын атап өтті. Ол үшін жалпы саны 13 адамнан тұратын арнайы комиссия да құрылған. Жұмысшы топ әр 15 күн сайын сараптама жасап отырмақ.

Акцияның өткізілетін мерзімі – 2016 жылғы 20 сәуір мен 20 қыркүйек аралығын қамтиды. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы қазан айының бірінші онкүндігінде анықталып, Қала күніне орай әр ауданнан І, ІІ, ІІІ орындар бойынша ақшалай сыйлықтармен және қала әкімінің дипломдарымен марапатталады.

Жиынға қатысушылар акцияның мән-маңызын көпшілік арасында кеңінен насихаттау мақсатында Шымкент қаласы тұрғындарына арнап Үндеу жариялады.

Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР