04-09-2021
20.3 C
Шымкент

Сайлау қорытындылары жария етілді

ҚР Парламенті Мәжілісі үш саяси партиядан жасақталады. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі  сайлауының алдын ала қорытындысын жариялаған ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов осылай мәлім етті. сай

«20 наурыз күні елімізде үлкен саяси науқан өз мәресіне жетті. Қазіргі уақытта Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен мәліметтерге сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда сайлаушылар дауысы жария етіледі», — деді ол.

Сонымен Қ.Тұрғанқұловтың атап өтуінше, «Нұр Отан» партиясына — 82,15, Қазақстан Коммунистік халық партиясына — 7,14, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясына — 7,18, «Бірлік» Саяси партиясына — 0,29,  Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға — 1,18, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына — 2 пайыз сайлаушылардың дауысы берілген.
«Осылайша, Парламент Мәжілісіне өз үміткерлерін ұсынған 6 саяси партияның үшеуі сайлау туралы заңда көрсетілген 7 пайыздық межеден өтті. Олар: «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы мен Қазақстан коммунистік халық партиясы»», — деді ОСК басшысы.
Оның атап өтуінше, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде 2016 жылғы 26 наурыздан кешіктірмей белгілеуі тиіс

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР