16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Оңтүстікте жол құрылысы қашан бітеді?

ОҚО-да Тәуелсіздік жылдары транзиттік мүмкіндіктерді кеңейтетін автомобиль жолдары салынған. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт мәлімдеді.  preview-image
Оның айтуынша, 1999 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мақтарал ауданы мен Шымкент қаласын қосатын және республиканың басқа да аймақтарына шығатын ұзындығы 53 шақырым болатын Қызыләскер – Киров автомобиль жолының құрылысы салынып, 2001 жылы пайдалануға берілді. Бұл жоба еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті.
Сонымен қатар, 2009-2013 жылдар аралығында Арыс қаласындағы облыстық маңызы бар 36 шақырымдық автомобиль жолы қалпына келтірілген. Осы жылдар ішінде Бәйдібек ауданындағы Қошқар ата – Кеңсай – Жамбыл облысының шекарасы жолының 15,8 шқ. мен Шардара қаласындағы Сырдария өзенінің екі жағалауын қосатын көпір және Отырар ауданындағы Балтакөл елді мекені мен Түркістанды қосатын көпірдің құрылыстары жүргізілген.
Баспасөз мәслихатында басқарма басшысы облыста автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 20 987,3 шқ. құрайтындығын айтты. Осы жолдардың 786 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар болса, 4 330,3 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар болып отыр.
«Елбасының тапсырмасына сәйкес елімізде «Жол картасы» бағдарламасы іске асырылып, жергілікті маңызы бар жолдардың қанағатты жағдайдағы үлесі көбейген, ал тозығы жеткен жолдар қайта жаңартылды. Яғни, бағдарлама аясында жергілікті маңызы бар 1 511,8 шқ. автомобиль жолдары мен 15 жасанды имараттар жөндеуден өткен», -деді Н.Байғұт.
Жалпы 2000-2015 жылдары облыс жолдарына 151 млрд. теңге бөлініп, 9 176,5 шқ. жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде, 100 көпірдің жөндеу жұмыстары және 45 көпірдің құрылысы жүргізілді. Осы жұмыстар кезінде тек үлкен, күретамыр жолдар ғана істеліп қойған жоқ. Облысымыздың барлық елді-мекендерінің ішкі жолдары қалпына келтірілді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР