16-04-2024
18.3 C
Шымкент

Мемлекеттік грант иегерлерінің есімі белгілі болды

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссия ҚР ЖОО-дарында оқуға гранттар тағайындау бойынша қорытынды жасаған болатын. Комиссия құрамына мемлекеттік органдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары кірді. 8dd4061e7f836f85a28574dceae3cf20

Е. Сағадиев айтып өткендей, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарына айрықша көңіл бөлінді. Бұл ең алдымен Елбасының бастамасымен жүргізіліп жатқан Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы. Сондай-ақ еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға назар аударылды. Аталған басымдылықтар ескеріле отырып, 12 593 грант техникалық және технологиялық мамандықтарға, 5 мыңға жуық грант – педагогикалық,  2 690 грант – ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтарына, 3000 грант – медициналық мамандықтарға бөлініп отыр. ҚР БҒМ мәліметінше, биыл 31 702 грант бөлініп отыр, оның ішінде 2 950 грант – ЖОО дайындық бөлімдерінде оқуға,  28 752 грант – ЖОО-ның 1 курстарында оқуға (күндізгі оқу бөлімдеріне – 28 452, сырттай оқу бөлімдеріне – 300 грант). Конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс берілетін жоғар оқу орындарының тізімі анықталды. Оқу гранттары 87 ЖОО-на бөлініп отыр. Оқу гранттарын алу конкурсына 59 677 адам қатысып отыр. Олардың 47 342 – қазақ тілінде, 12 335 – орыс тілінде оқиды.   «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы аясындағы квота бойынша өткізілген конкурсқа 9797 адам қатысып отыр. Конкурсқа қатысушылардың ішінде: 2208 «Алтын белгі» иегерлері, 303 колледж түлектері, 169 халықаралық және республикалық олимпиадаларының жеңімпаздары, 854 халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, 948 халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары, 9 Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары. Конкурсқа, ведомствоның мәліметінше, 492 жетім бала, 363 I және II топ мүгедектері, 37 соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер санатындағы абитуриент, 1053 ҚР азаматтығы жоқ қазақ ұлты өкілдері қатысады. Бұл адамдарға квоталар белгіленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР