24-04-2024
18.3 C
Шымкент

Тәртіп бұзған шенеуніктер жауапкершілікке тартылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы этика жөніндегі кеңес биыл 50 сұрақты қарады. Нәтижесінде 42 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал 10 факті тексеріс кезінде расталмады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік өкілдері мәлімдеді. 1365441003_78cfacc617d3c5489a8aa89f84f3b38c

Қаралған істердің жартысы этикалық нормалардың бұзылуына қатысты. Қалған жартысы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын орындамауға байланысты.  Ереже бұзушылықтардың көп бөлігі Қазығұрт, Сарыағаш, Сайрам аудандарына тиесілі.  Абдулла Есімханов, ҚР Мемлекеттік істері министрлігі департаментінің ОҚО бойынша басшысының орынбасары -Мүдделер қақтығысы орын алған жағдай болды. Яғни мүдделер қақтығысы дегеніміз мемлекеттік қызметші өзінің атқаратын жұмысының аясында өзіне жақын туысқандар болып табылатын азаматтардың мәселесін шешу жағдайлары орын алған. Екі факті тіркелді. Ол фактілер бойынша біз әдеп жөніндегі кеңесте қарадық. Біреуі Сарыағаш ауданынан, Біртілек ауылының әкіміне қатысты және Мақтарал ауданынан.

khabar.kz

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР