20-04-2024
26.3 C
Шымкент

Қазақстандық патриотизмді нығайту — басты міндет

– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын бұл мақаласын Жолдау ретінде қабылдасақ та болады. Тек ресми атауы өзгеше. Мақалада өткенге шолу, бүгінгіні бағамдау, келешекке көз тастау бар.

Тарихи маңызы бар еңбекте еліміздің барлық негізгі аспектілерін қамтитын дүниелер айтылған. Осылардың ішінде айрықша екі мәселені атап өткім келеді.

Біріншісі – «Туған жер» бағдарламасын ұсынуы. Расында да, кең байтақ жерімізде қыр-сыры беймәлім түрлі қазыналар мен тарлан тұлғалар бар. Мемлекет басшысының осы ұсынысы мұндай дүниелерді кеңінен насихаттауға мұрындық болар еді. Оның үстіне аталған бағдарлама жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады деп отыр. Бұл бір жағынан жат идеологиялардан қорғанатын қорғанымыз болса, екінші жағынан өшкеніміз жанып, жоғалғанымызды түгендейтін мүмкіндік.

Екіншісі – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы. Жобаның негізгі басымдылығы – Қазақстанды мәдени жағынан таныту. Сонымен қатар, әлемдік өркениет тұтынатын тілдерді игеріп, дүние дүрбелеңінде еліміздің өзге мемлекет терезесімен тең тұруы. Бұл бағыттағы жұмыстарда насихаттаудың тың түрлерін тауып, жүйелі жұмыс жасайтын жұртшылықты жұмылдыру. Біз мұндай өзгерістерге өте бейім халықпыз. Өйткені Қазақ жерінде талай мәдениеттер тоғысып, қаншама ұлттар ұйысқан. Сондықтан, мен де барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деген үміттемін.

Исамуддин РЫСБАЙ,
қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Дерек көзі http://shymkala.kz

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР