07-09-2021
29.3 C
Шымкент

Сом балық сүбелі үлес қоспақ

Бүгінде ОҚО-ның Түлкібас ауданында жеке кәсіпкер Африканың сом балығын өсіруде. Бұл тек ауданның ғана емес, облыс экономикасын өрістетуге сеп болмақ.

Арнайы бассейіндерде өсіріліп жатқан балық Ресейден әкелініпті. Балық өсірумен айналысатын шаруашылықта сом балықтың 100 мыңға жуық шабағы бар.  Балықтың бар жағдайы жасалып, баптап өсірілуде. Оларға  арнайы жем беріледі. Ал бассейндерге арнайы жылу жүйесі орнатылған. Өйткені судың температурасын бірқалыпты сақтау қажет. Соғымға бапталған сом балықтың бір өзі  120 келіге дейін ет береді екен. Сом сом етті балықты  Төле би ауданы мен Түркістан, Шымкент қаласының тұрғындары сұраныс білдіріп, сатып алған. Еті де дәмді, тіл үйірерліктей. Шаруашылықтың негізгі мақсаты шабақтарды қолдан көбейтіп, балық шаруашылығын дамыту болып табылады. Балық көбейсе салық та үстемеленеді. Демек балық та облыс экономикасын ілгерілетуге сеп болмақ.  Алдағы уақытта облыс тұрғындары ерекше балық етімен қамтамасыз етілетін болады. Шаруашылық иесі, жеке кәсіпкер Ә.Оңғарбайұлының айтуынша сом жайлы мәліметті ғаламтордан оқып біліпті. Өсіріп көрмекке бел байлап, Ресейге барып,  балықшыларынан тәжірибе алмасқан. Алдағы уақытта шаруашылық мемлекеттен берілетін несиеге қол жеткізіп, шаруашылық жұмысын  өрге бастырмақ. Негізінен  Түлкібас ауданында бұрын бекіре мен форель балықтарын өсірсе, енді африка сомын соғымға байлап отыр. Алдағы уақытта балықтың осы түрін көбейту мақсаты тұр.

Г.Қайнар

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР