21-09-2021
16.3 C
Шымкент

ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай…

Бүгінде еліміздегі қарулы күштер қатарында білекті де жүректі жігіттеріміз азаматтық борышын өтеуде. Олар Отан алдындағы парызын өтеуді басты міндеті деп біледі. Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай атаулы күн ерекше аталып өтпек. Оған әзірлік әзірден-ақ басталып кетті.

Шардара ауданының аумақтық қорғаныс ротасына тағайындалған әскери міндеттілер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына және 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысының 62 жылдығына орай Астана қаласында өткізілетін әскери шеруге қатысу үшін Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері Мейіржан Пердебекұлы Мұсабеков пен Бекмұратов Қуаныш Бекзатұлы 2017 жылғы 8 сәуірден бастап әскери жиынға шақырылып, әскери міндеттерін абыройлы атқаруда. Әрине атаулы мерейтойға жүзден жүйрік шыққандар ғана іліксе керек. Оңтүстікқазақстандық екі азамат абырой биігінен көрінгендіктен осындай атаулы жиынға қатысу мәртебесіне ие болып отыр. Бұл тек Шардара ауданы үшін ғана емес, Оңтүстік Қазақстан облысы үшін де үлкен абырой. Олай болса, жастарымыздың арасында Отан қорғайтын ел азаматтары көп болсын деген тілек бар.

А. Бектенова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР