20-04-2024
19.3 C
Шымкент

ОҚО-да пияз кептіретін цех іске қосылады

ОҚО Ордабасы ауданындағы «МАРТ» ЖШС-і ауданда алғаш рет пияз кептіретін цех ашуды қолға алды. Бұл кооперативке бірігу жұмыстарын жандандырудың нәтижесінде қолға алынып отыр.  Айта кету керек, Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында фермерлерді кооперативтерге тарту туралы Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Нәтижесінде, бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау қажеттігін айтқан болатын.

Аудандағы Төрткүл ауылының дихандары пияз егумен бұрыннан айналысады. Кейбір маусымда өнім шектен тыс көбейіп, бағасы арзандап кететіні бар. Ондайда баға түсіп, дихан еңбегі ақталмай қалады. Осындай олқылықтарды болдырмау  үшін «МАРТ» серіктестігі осы цехты ашуды жөн көріпті. Бұл цехтың ерекшелігі,  пайдалануға жарамай қалған пиязды да кәдеге жаратады. Шағын қожалықтар біріккен жағдайда мемлекеттен жәрдем беріліп, пайда еселенеді. Бүкіл қаржыландыру тетіктерін «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы түсіндіріп бермек.

-Ауылымызда кооперацияға бірігу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Біз үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жемісін беретін болады,- дейді Төрткүл ауыл округінің әкімі Ө. Саттархан.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР