20-04-2024
16.3 C
Шымкент

«Білімді ел- Мәңгілік Ел»

ОҚО-да өткен «Білімді ел – мәңгілік ел» байқауында мектеп оқушылары үш тілде сөйлеуді үйрететін робот құрастырып, көпшілікке көрсетті. Әзірге мұғалім-робот тек мемлекеттік тілде тіл сындырады. Сөйлейтін роботты ғалымдар емес, мектеп оқушылары ойлап тапты. Түрлі қимыл-қозғалыс жасай отырып, оқушыларға үш тілді үйретеді. Шымкент қаласындағы №31 жалпы орта мектебінің оқушылары жасаған дүние көпшіліктің қызығушылығын бірден тудырды. «Әзірге бұл біз ойға алған жобаның бастамасы ғана. Роботты әлі дамытамыз.Біздің жасаған роботымыз үш тілде сөйлейді. Мұны жасауға екі ай уақыт кетті. Әлі жетілмеген тұсы көп. Сондықтан да алда осы жұмысты аяғына дейін жеткіземіз,- дейді  Сымбат Әмірхан. Мектептен тыс үйірме қатысушылары ат салысқан шара оқушылардың флешмобымен басталды.  Оған 200-ге жуық шәкірт қатысты. Жасөспірімдер ұлттық мәдениет пен әдебиетке деген сүйіспеншілігін дәлелдеп, барын салды. Он саусағынан өнері тамған талантты шәкірттердің әсем бұйымдары көрмеге қойылды. Биыл ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына — 85 жыл! Байқау үміткерлері Елбасы мақаласы шеңберінде ұлт ұлырарын еске алды. Мұзарт таудың мұзбалағы — Мұқаң жазған туындыларды орындады. «Жырлайды жүрек» деп, үзінді келтірді. Әлем назарына іліккен «Экспо-2017» көрмесін де насихаттауды ұмытпады, — дейді  Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева. 

Білімді ел –мәңгілік ел. Жас дарындыларға арналған өнер фестивалі айрықша сипатта ұйымдастырылды. Жалпы, Шымкентте 8 мектептен тыс мекеме мен 12 аула клубтары жұмыс істейді. Бүгінгі байқауға солардың ең үздіктері қатысып жатыр. Ал, жеңімпаздар «ЭКСПО-ға» қарай жол тартпақ.

Г. Қалмырзақызы                         

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР