20-04-2024
22.3 C
Шымкент

«Айбын» айбынымызды асырды

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына іріктеу шарасы болып өтті. «Айбын» әскери-патриоттық іріктеу жиыны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы аясында өтіп отыр. Басты мақсат — болашақ ел қорғаушыларды Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау болып табылады. Сондай-ақ, қазақстандық әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру болып табылады. Іріктеу жиынына қатысқан жастар асқан дайықдықпен келіпті. Биыл бұл жарыстың ауқымы кеңейген. Облысымыздың 14 ауданы мен Шымкент қаласынан 280 оқушы қатысып, бақ сынады.  Додада дара шыққан жүйріктер  Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиынына жолдама алады.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Әжімұхан Шинтаев:

«Бұл жарысқа облыстық Қорғаныс істер жөніндегі департамент пен облыстық білім басқармасы тікелей мұрындық болды. Сайысқа 15 топ қатысты.  Әр құрамадағы 20 азаматтың ішінде қаздар да бар. Олар қаруларды шашып, жинаудан өз ептіліктерін сынға салды.  Газтұмылдырықты киіп, арқан тартыста мықты екендіктерін көрсетті. Жыл жылжыған сайын жастрадың дайындығы артып келеді» деді. Сайыс аса тартысты өтті. Командалар бірінен бірі өтердей.  Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде төлебиліктерге бұйырды. Екінші орынды Арыс құрамасы иемденсе, үшінші орынға Кентау қаласы табан тіреді. Сонымен қатар, 15 әскери клуб түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Үздіктер Қарағандыға облысында өтетін халықаралық жарысқа жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР