18-04-2024
20.3 C
Шымкент

«ЭКСПО-2017: жарқын болашаққа бірге»

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Құтарыс ауылы кітапханасында   Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебінің оқушылары арасында «ЭКСПО-2017: жарқын болашаққа бірге» тақырыбында еңбек сағаты  өткізілді. Іс – шара мақсаты оқырмандарды Қазақстанның жетістіктерімен таныстыру, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқырмандар өз қолдарымен жасаған қолөнерлерін таныту. Шара басында кітапханашы Халықаралық «ЭКСПО» көрмесінің тарихы туралы қысқаша баяндай келе, еліміз 2017 жылы 5 миллионнан астам адамды күтіп алуға дайындалуда және  осындай ауқымды іс-шараның мемлекетімізде өткізілуі елімізге сөзсіз жаңа игіліктер әкелетінін атап өтті. Бұдан әрі кітапханашы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу, Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы жолындағы сондай-ақ, экономика мен мәдениетін дамытуда, әлем алдындағы бедел-бейнесін қалыптастыруда, еліміздің халықаралық көрмелік және ақпараттық алаңы ретінде болуына  жасалатын  үлкен қадам болып табылатынын атап өтті. Жас буын өкілдері қызықты сұрақтарын қойып, өздері де өз ойларын ортаға салды. Келген оқырмандар кеш барысынан алған әсерлерімен бөлісіп, ауыл кітапханашысы Индира Умарова жас оқырмандардың  алдағы өмірлеріне  сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР