06-09-2021
24.3 C
Шымкент

Әлеуметтік салада серпіліс бар

Оңтүстік Қазақстан облыстық эндокринология диспансерінің базасында «Аймақтық диабет» орталығы ашылды. Аталған орталық көршілес Қызылорда, Жамбыл облыстарының тұрғындарына да мамандандырылған көмек көрсетеді. Науқастардың гликемиялық көрсеткіштерін  тәулік бойына 288 рет анықтау арқылы үнемі үздіксіз бақылауға мүмкіндік беретін СGMS құрылғысы бар. Сонымен қатар «Диабет мектебін» арнайы дайындықтан өткен инструкторлар жүргізеді.Аймақтық диабет орталығы орналасқан облыстық эндокринология диспансерінде қызмет атқаратын дәргерлердің 60 пайызға жуығы жоғарғы санатты білікті мамандар. Науқастарға эндокринолог-диабетологтармен қатар нефролог, кардиолог, офтальмолог, невропатолог, ангиохирург дәрігерлер медициналық көмек көрсетеді.Диспансер дәрігерлері жыл сайын біліктілігін арттыруда. Мәселен, өткен жылы 2 дәрігер-эндокринолог Ресейдің «Санкт-Петербург көп салалы орталығында» аяқ тамырлары патологиясына ультра дыбыстық диагностика циклында біліктілігін жетілдірді. Тағы 1 дәрігер сол Санкт-Петербургте «Жіңішке инелік аспирационды биопсия мәліметтері бойынша қалқанша безінің морфологиялық диагностикасында», 25 дәрігер республика деңгейінде біліктілігін арттырды.Елімізде қант диабетіне қарсы күресті ұйымдастыруда салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне үлкен мән берілуде. Осылайша әлеуметтік салаға тың серпіліс беріп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР