04-09-2021
27.3 C
Шымкент

ОҚО-да Елбасы мақаласы кеңінен талқылануда

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы еліміздің саяси өмірінде елеулі оқиға болғаны белгілі. Бүгінде мақала жер жерлерде кең көлемде талқылану үстінде.

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласындағы №17 колледждің педагогикалық ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған дөңгeлек үстел өткізді. Аталмыш кездесудің мақсаты – мақаланың еліміздің болашағы үшін маңыздылығы, тек экономикалық дамудың маңыздылығын ғана емес, Қазақстандағы барлық саланың мән-мағынасын ашып көрсету.
«Биылғы жылы Мемлекет басшысымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа тарихи кезеңге қадам басуымызды – Қазақстанның үшінші жаңғыруының басталуын айтып еді. Осы тұғырнамаға сәйкес, 2017 жылдың 12 сәуірінде Елбасының бағдарламалық мақаласы жарық көріп, үлкен масштабтағы міндеттер мен жаңғырудың басымдылықтары мақалада алға тартылды. Біздің Көшбасшымыз айтқандай, қоғамдық сананың жаңғыруы жай ғана экономикалық және саяси жаңғыру емес, ол сонымен қатар рухани жаңғыру», — деді колледж директоры Б.Ділдәбеков.
Іс-шараға қатысушыларға колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Қадырова мақаланың толық нұсқасымен таныстырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша елімізде атқарылып жатқан оңды істер туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Елбасы мақаласындағы білім саласы туралы және бәсекелік қабілет бағыттары колледж ұжымы мен студенттердің қызығушылығын тудырды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР