15-04-2024
15.3 C
Шымкент

Оңтүстіктен солтүстікке «құда-құдағи» пойызы қатынайды

ҚР Президентінің төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында «Серпін» бағдарламасымен Солтүстік Қазақстан облысында білім алып жатқан, арғы ата-бабалары ирандық Саида Бекбуди биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қазақ елінің екі қиырын жалғаған Қызылорда-Петропавл бағытындағы пойыздың жүре бастағандығын атап өтті.

«Тұрғындар оны құда-құдағилар пойызы деп атап кетті. Бүгінде Шымкенттің жігіттері солтүстіктің қыздарына құда түссе, ал «серпіндік» қыздар солтүстік жігіттерінің арманына айналды. Бас қосқан бірнеше жұптар да бар. Бұл жағынан да еліміздің бірлігі нығайып жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы! Шындығын айтқанда бастапқыда қиын болды. Солтүстіктің қысы қатал екен. Бірақ, бізді білім алу жолындағы жастық жалынымыз жылытты», — деді ол. Оның айтуынша, серпіндіктер орыс тілін, ағылшын тілін үйреніп, қазір жергілікті жастарға қазақ тілін үйретіп жатыр. «Тамыры Ираннан, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданынан олар да Солтүстік Қазақстанға құда-құдағи болып шықпасын. Оңтүстіктің жігіттері қалай жіберіп отыр екен. Бақытты бол!» — деп әзілдеді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР