15-04-2024
15.3 C
Шымкент

Ұлттарды ұйыстырған мейрам

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі, бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, әрі асыға күтер мейрамы. Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Осы орайда Арыс қалалық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен қалалық ішкі саясат бөлімі мен мәдениет үйінің қызметкерлері мен қаламыздағы этномәдени орталықтардың филиалдары өкілдерінің қатысуымен 1 мамыр — Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай дөңгелек үстел өтті. Шара барысында Әділет басқармасының басшысы Н.Әшенов, мәдениет үйінің директоры Ш.Қарабаева, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ш.Нұртазаева, қаламыздағы этномәдени орталықтары филиалдарының өкілдері ынтымақ пен бірлік аясында ыстық ықыластарын білдіріп, шара соңы әсем әуенмен жалғасын тапты. Мұндай игі іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР