test
10-07-2024
21.3 C
Шымкент

Әскери оқу дала жиыны өтті

Биыл Ұлы Жеңіске 72 жылдығы жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы  елімізде кең көлемде аталып өтеді. Бұл мерейтойларға байланысты іс шаралар Оңтүстік Қазақстан облысында да қолға алынған. Ел мен жердің, мемлекеттің қауіпсіздігі мен мызғымас тыныштығын күзету бүгінгі жас ұрпақтың басты борышы. Бұл азаматтық  әрі патриоттық тәрбие  мектеп қабырғасында жүрген әрбір жастың санасына сіңірілуі тиіс.

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданы бойынша əскери оқу дала жиыны ұйымдастырылды. Елінің ертеңі болар болашақ сарбаздарға әскери қимыл жаттығулар мен түрлі ойындар, сайыстар өткізіліп, дала жиынының маңыздылығы түсіндірілді. Осылайша олар ел қорғаудың оғай жолмен келмейтінін ұғынып, тиісті тапсырмаларды өз деңгейінде орындап шықты.

Аудан аумағындағы Толағай жазғы сауықтыру лагерінде өткен жиынның жабылу салтанатына аудан әкімі орынбасары Бақыт Асанов және білім бөлімі басшысының орынбасары Серик Туребеков қатысты. Жиында  əскери оқу дала жиынында іскерлігімен және алғырлығымен көзге түскен қызметкерлер мен оқушыларды марапаттады.

К.Ерназар

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР