25-04-2024
21.3 C
Шымкент

ОҚО үздік үштікке енді

Оңтүстік Қазақстан облысы іскерлік климатты қалыптастыруда республика бойынша үздік үштікке енді. Астана қаласынан кейін  үшінші  орынға тұрақтаған өңірдің шағын және орта бизнесті дамытудағы қарқындылығы ескерілген. Шымкентке арнайы сапармен келген  Қазақстанның кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша өкілі Болат Палымбетов осы жетістікті мәлім етті.  Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың  қатысуымен өткен кездесуде кәсіпкерлік саласындағы өзге де  өзекті мәселелер талқыланып,  алдағы жоба-жоспарлар қаралды.  Өңірдің іскерлік климатын қалыптастыру, көлеңкелі экономика мен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, салық төлеу,жер телімдерінің берілуі сияқты өзекті мәселелер де әңгімеге арқау болды.  Өңір басшысы аймақта кәсіпкерлікке қажетті жер телімдеріне деген тапшылық туындап отырғанын жеткізді. Бір ғана мысал:..  облыс орталығындағы барлық коммерциялық жерлер сатылып кеткен. Енді құрылысы  ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған жер телімдерін анықтау ісі үлкен мәнге ие болып отыр.   Өз кезегінде  Қазақстанның кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша өкілі Болат Палымбетов қиыннан қисын тауып,  кәсіпкерлерге мейлінше оңтайлы жағдай жасап отырған  облыс басшылығына алғысын білдірді.  Басқосу қорытындысында   инвесторлар тартудағы көшкі-қон заңнамаларының бірқатар заңдылықтары мен  мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде туындайтын құжатбастылық мәселелері де  кеңінен талқыланды.

Kaztrk.kz

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР