05-05-2022
15.3 C
Шымкент

Оңтүстік Қазақстан облысына – 85 жыл!

Биыл  Оңтүстік Қазақстан облысына – 85 жыл! Осыған орай Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада «Оңтүстік тарихынан сыр» атты тарихи конференция болып өтті. Жиында  өңірдің зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен ғалымдар туған өлкенің өткені мен бүгіні туралы ой бөлісті. 1927 жылы Сырдария губерниясы, 28-де Сырдария округі аталып келген өлке 1932 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы болып бекітілген. Ең ірісі Шымкент және одан басқа Сайрам, Түлкібас, Ақсу, Манкент, Леңгір сияқты аудандар басы бірігіп, бір ортада түйісті. Әрине, бұл кеңестік облыстың құрылған уақыты еді. Содан бері бұл мекенде өткен қаншама оқиға тарих қойнауында ашылмаған, айтылмаған сыр болып қала берді.

 

«85 жыл ішінде оңтүстік облыс соғыс жылдарындағы небір қиын-қысталаңды, ғасырға бергісіз тарихи сәттерді де бастан өткерді. Қандай жағдай болмасын, даму биігінен түскен жоқ. Әсіресе, еліміз Тәуелсіздік тұғырына шыққалы бұл өңірдің экономикасы да, әлеуеті де қарыштап өсті»- дейді тарихшы Момбек Әбдіәкім.

Шарбану Динасилова, Пушкин атындағы кітапхана директоры: Бүгінде облысымыз – Қазақстанның бір бүйірін тіреген, әл-ауқат таразысында салмағы басым, халқының рухы биік өнегелі өңір. Шыбық ексе, шынар өсетін топырағының өзі береке бұл жердің.  Қасиетті мекеннің әрбір тұрғыны дәл осында тұратынын мақтанышпен айтады.

А. Әшірхан            

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР