03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Оңтүстікке жүз сурет!

«Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы». Айтулы жоба аясында бүгін Шымкентке Алты Алаштың «мен» деген фотосуретшілері жиналды. Қасиетті мекенге келіп, кең жазира даланы ерекше фотоға түсірген шығармашылық иелеріне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құрмет көрсетіп, арнайы сертификат табыс етті. Озат ой, ұшқыр қиял иелеріне  шалқар шабыт сыйлайтын бұл көрме осымен 14-ші рет өтуде. Ауқымды жоба – халықаралық «Түрксой» ұйымына тиесілі. Бүгінгі салтанатты рәсімге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысты. Ен дала кереметін ерекше көзбен көре білетіндер түстік облыс басшылығының  шараны қолдаудағы  бұл ықыласына разы.

Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі: — Бүгінгі ұсынылған 100 сурет бұл жәй фотосурет емес, ол — өнер. Олар творчестволық қырынан қарап, біздің облысымызды жаңа қырынан танытуда. Сондықтан облысымызға келген қонақтарға үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Көрмеге түркі тілдес 7 мемлекеттің және Қазақстанның Астана, Алматы қалаларынан келген кәсіби, халықаралық дәрежедегі фототілшілер қатысты.

 

Бұл іс-шараны негізі «Түрксойл» халықаралық ұйымы ұйымдастырды. Бұл іс-шараға 7 мемлекеттен 14 суретші қатысты. Ол Түркия, Татарстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр елдерінің фотосуретшілері. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының бүкіл аудандарында болып, суретке түсіріп, бүгін көрмеге қатысып отыр, — дейді «Түркісой» халықаралық ұйымының қызметкері Шахноза Бурханидинова.

Шараның мақсаты — Тәуелсіз еліміздің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ұлттық өнерімізді насихаттау. Сондай-ақ, түркітілдес елдердің фотосуретшілерімен  тәжірибе алмасу еді.

Мен көптен бері Түркістанға келуді армандайтынмын. Бүгін сол сәт туып тұр. Біз фотосурет көрмесіне қуана қатысып отырмыз. Бұл біз үшін үлкен шара. Мұнда біз тек Қазақстандықтармен ғана емес, басқа да түркі тілдес фотосуретшілермен тәжірибе алмасқаныма ерекше ризамын, — Түркиядан келген фотосуретші Айкут Фырт.

Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи ажарын, бүгінгі сән-салтанат базарын көрсететін бұл 100 туынды – облыс шежіресі үшін аса құнды. Оны топтап, үлкен фотоөнер жинағын шығару  үлкен жоспарға арқау болып отыр.

С. Құттыбайұлы    

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР